Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Назарбаев зияткерлік мектептері Jusan-ды елге қайтаруға қатысты мәлімдеме жасады - АРҚА АЖАРЫ

Назарбаев зияткерлік мектептері Jusan-ды елге қайтаруға қатысты мәлімдеме жасады

— «Назарбаев зияткерлік мектептері» қаржыландыру көзі туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомствоның хабарламасына сенсек, зияткерлік мектептер негізінен мемлекет бөлетін қаражат есебінен өз жұмысын жалғастырып жатыр.

Дербес білім беру ұйымын бюджеттік қаржыландыру тұрақты жүріп жатыр.

«Сонымен қатар зияткерлік мектептерді одан әрі дамыту үшін бюджеттен тыс қаражат есебінен қаржыландыру үлесін біртіндеп ұлғайту жоспарланған. Бюджеттен тыс қаржыландыруды ұлғайту зияткерлік мектептердегі білім сапасын жақсартуға, оқушылар мен педагогтер үшін білім беру процесінің жайлылығын арттыруға мүмкіндік береді деп болжанған болатын. Бюджеттен тыс көздерден қаржыландырудың болмауы белгілі бір дәрежеде NIS экожүйесінің одан әрі серпінді даму мүмкіндіктерін шектейді» деп мәлім етті ұйым.

«Назарбаев зияткерлік мектептері» Jusan тобына қатысты іс бойынша прокуратурамен тығыз байланыста.

«Мәселенің соңы бүкіл республикадағы зияткерлік мектептер оқушыларының пайдасына шешіледі деп сенеміз» дейді НЗМ.

Еске сала кетейік, бүгін Бас прокуратура Jusan тобын Қазақстанға қайтару жұмысы жүргізіліп жатқанын хабарлады.

2020 жылғы 27 сәуірде Jusan тобының иесі «Pioneer Capital Invest» ЖШС қатысушыларының жалпы жиналысында Pioneer мүлкін шетелде тіркелген Jusan Technologies Ltd компаниясының жарғылық капиталына беруді мақұлдау туралы шешім қабылдаған.

Бұл әрекеттер қоғамдық мүддеге, оның ішінде «Назарбаев Университеті» мен «Назарбаев зияткерлік мектептерінің» ондаған мың қазақстандық студенті мен оқушыларының мүддесіне қауіп төндірді.

Себебі «Jusan» тобының акциялары, облигациялары мен депозиттері бойынша дивидендтері — аталмыш оқу орындарын қаржыландыру көздерінің бірі.

Фото: nis.edu.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар