Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарындағы көшпелі  семинар-кеңестер туралы - АРҚА АЖАРЫ

Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарындағы көшпелі  семинар-кеңестер туралы

21-22 ақпанда Орталық сайлау комиссиясының мүшелері Константин Петров пен Сәбила Мұстафина 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу мәселелері бойынша Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарындағы көшпелі семинар-кеңестерге қатысты.

Іс-шараларға жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, облыс прокуратураларының қызметкерлері, аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері, кандидаттардың сайлауалды штабтарының өкілдері, халықаралық байқаушылар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері сайлау заңнамасының жаңалықтарына, 29 бірмандаттық округ бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды тіркеу қорытындылары, сайлау алдындағы үгітті қаржыландыру, сондай-ақ ұлттық және халықаралық байқаушыларды аккредиттеу мәселелері туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Олжас Ыдырысов жиналғандарға сайлау өткізу бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Мәселен, облыста 819 сайлау комиссиялары бар, оның ішінде 15 аумақтық (105 мүше), 631 учаскелік (3 543 мүше) және 173 округтік (865 адам).

Сайлау учаскесі туралы ақпаратты «Сайлаушыларды іздеу» сервисінде, Telegram бот, 13 ауданда және Петропавл қаласында бар Call-орталықтардан алуға болады.

Сондай-ақ ол кандидаттардың сайлаушылармен кездесулерін өткізу үшін 193 үй-жай және көрнекі үгіт-насихат жүргізу үшін 306 орын анықталғанын хабарлады.

Сайлау учаскелерінде мүмкіндігі шектеулі 2 мың азамат үшін ерекше жағдайлар қамтамасыз етілген. Бүгінгі таңда 631 учаскенің 532-сі пандустармен, 563-і кіре берісте тактильді көрсеткіштермен, 504-і учаскеде тактильді көрсеткіштермен қамтамасыз етілген. Бұдан басқа, дауыс беру кезеңінде мүгедектігі бар адамдар үшін 619 учаскеде бұрыштар ұйымдастырылады және 565 учаскеде кабиналар жабдықталады.

Есту қабілеті бұзылған 652 сайлаушы үшін учаскелерде сурдоаудармашының «онлайн» немесе «офлайн» режимінде көмек көрсету үшін ақпарат орналастырылатын болады. Облыс орталығында дауыс беру күні «Инватакси» және «әлеуметтік такси» қызметтері тартылатын болады.

Осы тәрізді жұмыс Ақмола облысында да жүргізілуде. Облыс әкімі аппаратының басшысы Азамат Қапышев сайлаушылар тізімдерін өзектендіру мақсатында облыс әкімінің ресми сайтында «Өзіңді тексер» сервисі құрылғанын, онда ЖСН бойынша әрбір сайлаушы сайлау учаскесінің нөмірі мен орналасқан жері туралы ақпарат ала алатынын, сондай-ақ «Ақмоласайлаубот» жеделхат-боты жұмыс істейтінін хабарлады. Облыстың әр өңірінде Call-орталықтар ашылды.

Ерекше назар аударатын аймақтар Елорда маңы мен Қосшы қаласы, Жібек жолы ауылы (Аршалы ауданы) оларда тіркелмеген азаматтардың саны көп.

Астана қаласында тіркелген елордалық аймақтың барлық тұрғындары тұрақты тіркелген жері бойынша дауыс беретін болады.

Сондай-ақ Азамат Қапышев бүгінгі таңда облыста сайлау құқығы бар ерекше қажеттіліктері бар 3,8 мың азамат тұратынын атап өтті. 700 сайлау учаскесінің 663-і қол жетімділіктің қажетті шарттарымен толық жабдықталған. Қалған учаскелерде қажетіне қарай тасымалданатын пандустар ұйымдастырылатын болады.

594 учаскеде мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін бұрыштар ұйымдастырылады, 527 учаскеде тірек-қимыл аппараты функциялары бұзылған сайлаушылардың, оның ішінде кресло-арбаларды пайдаланушылардың қолжетімділігін ескере отырып, жасырын дауыс беруге арналған кабиналар көзделеді. 8 аудан мен қалада сайлау учаскелерінде есту қабілеті бұзылған сайлаушылар үшін ым тілі мамандары тартылатын болады. Дауыс беру күні «Инватакси» қызметтері тартылатын болады.

Сондай-ақ семинар-кеңес аясында облыстық прокуратуралардың өкілдері сөз сөйлеп, сайлау процесіне қатысушылардың заңнаманы сақтауын қадағалауды жүзеге асыру туралы хабардар етті.

Бағдарламалардың екінші бөлігінде аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларына арнап кейс технологиясы негізінде іскерлік ойын түрінде тренингтер өткізілді.

Арнайы ұйымдастырылған іскерлік ойын барысында облсайлауком мүшелері дауыс беру күні сайлау комиссияларының барлық жұмысын (дауыс берушілерді тіркеу, бюллетеньдер беру, басқа облыстан есептен шығару  куәлігімен  дауыс беру және т.б.) көрсете отырып, учаскелерде дауыс беру процесін модельдеді.

Семинар-кеңес соңында Орталық сайлау комиссиясының мүшелері аумақтық сайлау комиссияларының барлық сұрақтарына жауап берді.

Дереккөз: www.election.gov.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар