Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақстан Украинадағы дағдарысты саяси реттеуде Қытай ұстанымын қолдайды - СІМ - АРҚА АЖАРЫ

Қазақстан Украинадағы дағдарысты саяси реттеуде Қытай ұстанымын қолдайды — СІМ

— ҚР Сыртқы істер министрлігі Қытай Халық Республикасының ұстанымы бойынша мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан Республикасы украиндік дағдарысты саяси реттеу бойынша Қытай Халық Республикасының ұстанымын құптай отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымының қағидаттары негізінде мемлекеттің аумақтық тұтастығы, тәуелсіздігі және егемендігі негізінде қантөгісті тоқтатуға көмектесу ретінде қолдауға лайық екенін білдіреді.

Біз бұл мәселені тек халықаралық құқық пен БҰҰ қағидаттары негізінде бейбіт жолмен шешуге балама жоқ деп санаймыз.

Біз әскери қақтығысқа қатысушы тараптардың ізгі ниет танытуын, ұрыс-қақтығысты тоқтатып, келіссөз үстеліне отыруын, ал әлемдік қоғамдастықтың жағдайды барынша дипломатиялық жолмен шешуге үлес қосуын жақтаймыз.

Сонымен қатар, Қазақстан Қытай Халық Республикасының Жаһандық қауіпсіздік бастамасының тұжырымдамасында айқындалған біздің мемлекеттеріміздің бүгінгі таңдағы өзекті мәселелерді шешуінің ұқсастығын атап өтеді», — делінген мәлімдемеде.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар