Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Түркияда өзіміздің кәсіби міндетімізді орындадық - ақмолалық құтқарушы Айдын Жоламанов - АРҚА АЖАРЫ

Түркияда өзіміздің кәсіби міндетімізді орындадық – ақмолалық құтқарушы Айдын Жоламанов

 – Түркияда болған жойқын жер сілкінісінен кейінгі апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізуге қатысқан Көкшетау қаласының №1 мамандарылған өрт сөндіру бөлімшесінің бастығы, азаматтық қорғау майоры Айдын Жоламанов ҚазАқпарат тілшісіне іссапардың ықтимал қауіптері туралы айтып, құтқарушыларға қатысты өзінің жеке ойымен бөлісті.

«Ақмолалық құтқарушылар Газиантеп қаласында зілзаладан құлаған 7 қабатты үйдің аумағында құтқару жұмыстарын атқарды. Біз барғанда жергілікті билік бұл жерде 25 адамның денесі болуы мүмкін екенін ескертті. Жалпы, біздің құтқарушылар сол тұстан 30-ға жуық адамның мәйітін үйіндінің астынан алып шықты», – деді майор.

Осы ретте, ол құтқару жұмыстары кезінде біраз қиындықтар болғанын, алайда соған қарамастан, ақмолалық құтқарушылар өз міндеттерін абыроймен орындап, елге аман оралғанын атап өтті.

«Біз жұмыс істеген жердегі ғимараттар толығымен қираған. Құтқару жұмыстары өте қиын жағдайда өтті. Қираған немесе қисайып тұрған бетондар құтқарушыларды басып қалуы қаупі болды. Сондықтан, біз жұмыс істеген жерде арнайы лазерлік датчиктер орнатылды. Ол үйіндіде кез келген өзгеріс бола қалған жағдайда дыбыстық белгі береді. Осындай бірнеше рет дыбыстық белгі болды. Сол себепті, бізге жұмысты уақытша тоқтата тұруға тура келді. Бұған қоса, әріптестерім үйіндінің астындағы қуыс жерлерді тексеру үшін видеозонт қолданды. Осындай сақтық шараларының арқасында құтқарушылардың барлығы елге аман оралды», – деді Айдын Жоламанов.

Сонымен бірге, ол қазір көпшілік айтып жүргендей бауырлас Түркия еліне көмекке барған құтқарушылар ерлік жасаған батыр емес, күнделікті өздерінің қызметтік міндетін атқарған кәсіби маман екенін айтты.

«Қазір кейбір БАҚ пен әлеуметтік желілерде бізді бір ерлік жасаған батырға теңестіріп жатқанын байқаймыз. Осы ретте, айта кеткім келеді, біз – құтқарушылар зілзаладан зардап шеккен Түркия Республикасына ерлік жасауға емес, адамдарды құтқаруға бардық. Демек, өзіміздің кәсіби міндетімізді орындадық. Елімізде де қандай да бір төтенше жағдай бола қалған кезде құтқаруға дайынбыз. Бұл – біздің кәсіби міндетіміз. Бізді сол үшін құтқарушы дейді», – деп түйіндеді майор.

Айта кетсек, ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің бұйрығына сәйкес, 2023 жылғы 8 ақпанда 18 ақмолалық құтқарушы Түркиядағы жер сілкінісінің салдарын жоюға аттанған болатын. Түркияның үш өңірінде іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізген қазақстандық құтқарушылар күшімен 7 адам құтқарылды. Қаза тапқан 88 адамның, оның ішінде 10 баланың денесі шығарылды.

Ақмолалық құтқарушылардың бірі Түркияда үйінді астында қалған мәйіттердің көптігі жан түршіктіргенін айтқан еді.

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар