Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Біздің құтқарушы батырлар - АРҚА АЖАРЫ

Біздің құтқарушы батырлар

Түркияда қатты жер сілкінісіне байланысты құтқару-іздестіру жұмыстарына қатысқан ақмолалық құтқарушылар өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен кездесуде осы жұмыстардың қалай өткендігі жөнінде айтып берді.Тағылымды шараға №1өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Ақпан айында ондаған мың адамның өмірін қиған жер сілкінісінен кейін Түрік Республикасының Газиантеп қаласындағы операцияға қазақстандық құтқарушылардың үлкен тобы аттанды. Олардың арасында 18 ақмолалық болды. Он екі күн бойы орын алған жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға атсалысты. Айта кету керек, ақмолалық құтқарушылар тобы жедел әрекет етіп,нәтижелі жұмыс істеп қайтты.

–Түркияға келгенде құтқарушыларда үрей болған жоқ. Бұл олардың кәсіби мамандығы, сондықтан, өз жұмыстарын атқарды. Мұндай қайғылы оқиғаның 6 ақпанда болғанын өзіміз де басқалар сияқты БАҚ-өкілдерінен білдік. Біздің топтың  жөнелтілуі туралы хабар  бәріміз үшін күтпеген жағдай болды. Расында да, халықаралық кеңістікте мұндай іс-шараларға ең алдымен, елімізден Алматы қаласында орналасқан республикалық жедел-құтқару жасағы жөнелтіледі. Олар бізден бір күн бұрын аттанды. Біздің Түркия жеріне құтқару операциясына баратынымыз жөнінде хабар осы сапарға аттануға 2-3сағат қалғанда келген еді, – деді №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы  Айдын Жоламанов.

Құтқару-іздестіру жұмыстары кезінде үйінді астынан 88 адам шығарылды. Олардың кейбіреуі шығарған кезде тірі болып, аман қалды. Әр құтқарушы үшін бұл төтенше жағдайды жоюдағы алғашқы шетелдік жұмыс тәжірибесі болды.

Құтқарушылар орналастырылып, құрал-жабдықтарын түсірген бойда оларды дереу апат орнына жеткізді. Өйткені, ол жерде әр күннің әр минуты қымбат еді.  Мамандардың айтуынша алғашқы екі күн бойы олар демалыссыз тынбай еңбек етіпті. Ал,кейін қатаң түрде кесте бойыншажұмыс істеген. Ауыр техниканың жұмыс істеуіне байланысты қалыпты жағдайда демалуға мүмкіндік болмады. Осыған орай, құтқарушыларды бөлек жерде орналастырыпты.

– Алғашында бірсәт демалмастан еңбек еттік. 16 сағат жұмыс істеп, 8 сағат демалдық. Ақмолалық қызметкерлерге тікелей толығымен қираған жеті қабатты тұрғын үй берілді. Келтірілген залалдың сипаты сонша, адамдар үшін тірі қалудың мүмкіндігі болмады. Дегенмен де, біз үйінді астында қалған 25 мәйітті алып шықтық, – деді Айдын Жоламанов.

Қираған ғимараттардың астында қалған адамдардың туыстары шетелдік құтқарушылардан көмек күткен. Ақмолалық қызметкерлер ақпанның 20-сы күні жер сілкінісінен зардап шеккен адамдарды құтқару жөніндегі миссиясын абыроймен атқарып, елге оралды.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар