1 наурызда елімізде Алғыс айту күні атап өтіледі. Бұл мереке қысқа уақыт ішінде зор ықыласқа ие болды. Бұл кездейсоқ емес, өйткені, ата-бабалары жер аударылғандардың барлығы дерлік Қазақстанға жұмылдырылған, олардың қазақ халқына ризашылығы ерекше. Жылдар өтсе де, жадыңнан өшпейтінигі жақсылық ұрпақтан ұрпаққа аңыз болып айтылатыны сөзсіз ғой.
Біреудің туысы депортация кезінде Қазақстанға жер аударылса, тағы басқаның бауырлары алыпсатарлық айыптар бойынша ГУЛАГ лагерлерінің сынақтарынан өтті және босатылғаннан кейін осында тұрды, үшіншілері Комсомол құрылыстары мен тың жерлерге шақырылды. Олардың барлығынсол қиын кезеңдерде аман қалуға көмектескен қазақтардың риясыз қамқорлығы бір арнаға тоғыстырып отыр. Алғыс айту күні 1 наурызда, 1995 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы – ұлтаралық келісім мен достықты нығайту, сондай-ақ, этностардың ұлттық бірегейлігі мен ана тілін сақтау басты назарда болатын институт құрылған күні аталып өтіледі.
Осы орайда, өз отбасыма қатысты оқиғаны ортаға салсам деймін. Соғыс басталған кезде барлық кеңестік немістер бір түнде «халық жауларына» айналды. 1941 жылғы 28 тамыздағы атышулы Жарлық оларды тек отаны – Еділ немістерінің автономиялық республикасынан ғана емес, сонымен бірге құқықтарынан, мүліктерінен және өмір сүру құралдарынан айырды. Бір тәулік ішінде бүкіл неміс халқын қырық, тіпті одан да көп адамнан тұратын вагондарға тиеп, Сібірге, Қазақстанға және Орта Азияға алып кетті. Еділ бойынан Қазақстанға жер аударылған немістердің қатарында менің ата-әжем – әкемнің ата-анасы – Иван мен Амалия Темпель болды. Бірақ Қазақстанда олар екінші Отанын тауып, жаңа достармен қауышты, жұмыс пен өмірге жауапкершілікпен қарады, ауылдастарының құрметіне ие болды, мұнда олардың балалары мен немерелері дүниеге келді. Қазіргі уақытта қуғын-сүргін дәуірін бастан өткергендердің ұрпақтары Қазақстанның қасиетті жерінде табылған қамқорлық пен қонақжайлылықты үлкен жылулықпен еске алады. Сондай-ақ, қазақтардың өздері туған өлкеге деген сүйіспеншілігі, оның дамуына қосқан үлесі, ұлттық мәдениетке, тілге және дәстүрге құрмет көрсеткені үшін өз әріптестеріне де алғыстарын білдіреді.
Тың игеруге Беларусьтен Қазақстанға менің әжем Серафима Брикун келді. Ол осы Атбасарда өзінің тағдыры Асхат Абраевпен кездесіп, атаммен әжем ақ некеде қырық жыл өмір сүрді, қызы мен немерелерін өсірді. Мен біздің отбасымыздың көпұлтты екенін мақтан тұтамын.
Біз еліміздің көп ұлтты тарихынан сабақ алуымыз керек. Бұл мереке біздің қоғамда қазіргі уақытта өте қажет сенім, келісім мен достықты одан әрі нығайтады деп сенгім келеді.
ХХ ғасыр бойы Қазақстанда көп ұлтты халық қалыптасты. Әр түрлі кезеңдерде біздің елге көптеген адамдар келді. Біз керемет халық тұратын ғажайып елміз. Этникалық әртүрлілік – бұл біздің еліміздің кемшілігі емес, оның байлығы. Бейбітшілік пен келісімде бірге өмір сүру өнері – біздің еліміздің ең құнды тәжірибесі, әсіресе қиын геосаяси жағдайда этносаралық және әлеуметтік қақтығыстар шиеленіскен кезде. Алғыс айту күнінде осы мерекеге енгізілген ұлы мағынаны тағы бір рет еске түсірейік. Біз ата-бабаларымыздың лайықты ұрпақтары болуымыз керек, қиын сәтте көмек қолын созып, бір-бірімізді бағалап, құрметтеуіміз керек. Біз болашақ үшін өткенді есте сақтауымыз керек.
Елена ВЕРГУН,
Атбасар ауданының «Простор-Атбасар» газетінің редакторы.