Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Халқымыздың салтындағы асыл қасиет - АРҚА АЖАРЫ

Халқымыздың салтындағы асыл қасиет

1 наурызда Қазақстандағы барлық этнос өкілдерінің бір-біріне және олардың өздеріне  мейірімділік пен қамқорлық танытып, туған-туыстарындай қабылдаған қазақ халқына Алғыс айту күні ретінде атап өтіледі. Біз бұл күнді биыл құрылғанына 28 жыл толып отырған Қазақстан халқы Ассамблеясының атаулы датасымен де сабақтастырамыз.

Ассамблея жұмысының арқасында біздің елімізде этносаралық келісімнің бірегей моделі, құрмет пен сенім, өзара ынтымақтастық пен түсіністік ахуалы қалыптасты.

«Қоғамдық келісім»коммуналдық мемлекеттік мекемесі ресурстық, мәдени және әдістемелік орталығы бола отырып, Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының қызметін қамтамасыз етеді. Қазақстан халқы Ассамблеясының міндеттерін іске асыруда этномәдени бірлестіктерге, Қазақстан халқы Ассамблеясықоғамдық құрылымдарына әдістемелік, ұйымдастырушылық көмек көрсетеді.

Достық үйі өз жұмысында 109 мүшесі бар облыстық Ассамблеяның, этносаралық қатынастар саласындағы облыстық Ассамблеяның қызметін сараптамалық сүйемелдеумен айналысатын 12 қоғамдық құрылымның, қоғамдық келісімді, сәндік-қолданбалы өнерді, ассамблея жастарын, еріктілер қозғалысын қамтамасыз етуде медиация институтын дамытумен, отбасы және неке институтын нығайтумен, отбасы мен неке институтын танымал етумен айналысатын облыстық ассамблеяның активіне сүйенеді. Қазақстан этностары арасында мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту, Ақмола Ассамблеясының қызметін ақпараттық сүйемелдеу  сияқты жұмыстар жүйелі атқарылуда.

Ел Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Халқы Ассамблеясының сессияларында жобалық кеңселер ретінде Достық үйлерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша берілген тапсырмасын орындау шеңберінде – «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесі өз қызметінің бағытын «Қоғамдық келісім» мен жалпыұлттық бірлікті нығайту және сақтау жөніндегі мақсатты мәдени-ағартушылық және танымдық жобаларды іске асыруға қайта бағыттады.

2022 жылы «Қоғамдық келісім»мекемесі тоғыз жобаны іске асырды. Тарқатып айтар болсақ, «Қазақтану», «Мың бала», «Көкшетау – мәдени астана. Балалардың көзімен», «Біздің арамыздағы батырлар», «Біздің өлкеміздің тарихы» және тағы  басқа осындай ауқымды жұмыстар қолға алынды.

Осы жобаларды іске асыру шеңберінде облыстық Достық үйі ассамблеяның қоғамдық құрылымдарымен және облыстың этномәдени бірлестіктерімен бірлесіп, 48 мыңнан астам адамды қамти отырып, 1 473 қоғамдық-маңызды іс-шара өткізілді.

Ағымдағы жылы «Қоғамдық келісім»мемлекеттік мекемесінде мәдени-ағартушылық және танымдық жобаларды іске асыру жөніндегі ресурстық орталық және жобалық кеңсе ретінде жұмысын жалғастырады.

Олардың ішінде «Ел бірлігі» атты жаңа жоба аясында этномәдени бірлестіктер өкілдерінің қызметі интеграция мен интермәдениеттілікті дамытуға, азаматтық бірегейлікке негізделген мемлекеттік тілді, қазақстандық патриотизмді ілгерілетуге, тағылымды тарихымызды, ұлттық мәдениет пен рухани дәстүрлерді сақтауға және дамытуға һәм насихаттауға бағытталған.

«Әртүрліліктегі бірлік» жобасы Достық үйіне шолу экскурсияларын өткізуді көздейді. «Отаным – тағдырым» жобасы болса оқушы жастарды мәдени ағартуға бағытталған, бұл жоба аясында жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттерімен кездесулер, әңгімелер өткізужоспарланған. «Келешегің кемелің– туған ел» жобасының негізгі идеясыеңбек ұжымдарында Қазақ халқының салт-дәстүрлерін, қазақтың ұлттық ойындары мен әндерін, Қазақстанда тұратын этностар арасында ұлттық тағамдарын дәріптеу болып табылады.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы Достық үйі қоғамдық келісіммен жалпыұлттық бірлікті нығайту жөніндегі ассамблеяның қоғамдық құрылымдарының қызметін үйлестіруді, этносаралық қарым-қатынас тілі ретінде мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту жөніндегі жұмысттарды жалғастырады.Ақмола облыстық Ассамблеясының қызметін, оның әлеуметтік желілерде, бұқаралық ақпарат құралдарында қамтылуын ілгерілету жөніндегі ақпараттық жұмысты күшейтеді.

Қорытындылай келе, барлық ақмолалықтарды Алғыс айту күнімен құттықтаймын, баршаңызға бақыт, денсаулық, жақсылық, амандық және Отанымыз –Қазақстан Республикасының игілігі үшін жаңа жетістіктер тілеймін!

Ермек  НҰҒЫМАНОВ,
«Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар