2023 жылдың 2-3 наурыз күндері Ақмола облысында «Көктем-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді.
Оқу-жаттығудың мақсаты – төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, сондай-ақ, азаматтық қорғаудың басқару органдарын, күштері мен құралдарын көктемгі кезеңге дайындау бойынша іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін одан әрі жетілдіру.
Оқу-жаттығуды басқару штабы Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Е.Әуелбеков көшесі 87 мекен-жайы бойынша Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаменті ғимаратында орналасады.
Байланыс телефоны: 8 (716-2) 55-14-82.
Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаменті.