Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жақсылық ешқашан ұмытылмауы тиіс - АРҚА АЖАРЫ

Жақсылық ешқашан ұмытылмауы тиіс

Бүгінде Ақмола облысында бір жарым мың корей тату-тәтті ғұмыр кешуде.  Қазақ халқының мейір шапағатын бір кісідей  көрген корей халқының қазақтарға айтар алғысы шексіз. Қазақстанды мекен еткен кез-келген кәрістен сұрасаңыз, олардың әрқайсысы қазақтың меймандостығы мен бауырмалдығы жайында  таңды-таңға ұрып, әңгіме айтып беруге бар.  Бір үзім нанын бөліп беріп, бауырына басқан қазақ халқының жақсылығын қайтіп ұмытайық. Тек кәріс халқына ғана емес, татарлар, ингуштар, немістер тағы басқа ұлттар жергілікті ұлттың үлкен қолдауын сезінуде.

Тәуелсіздік жылдары елімізде этносаралық түсіністіктің шынайы моделі қалыптасты. Мұны өз басым Қазақстан халқының  ерік-жігерінің арқасында жүзеге асты деп есептеймін. Қазақ халқының досқа адалдығы, уәдеге беріктігі ұнайды. Жетімдерді жылатпауға, қорғансызға қамқор болуға асқан жауапкершілікпен қарайды. Ата-бабамыз қазақ халқын құрметтеген, олардан үлгі алыңдар дегенді айтатын. Өйткені, қазақ халқы аса қарапайым, үлкенге құрмет, кішіге ізет таныта білетін халық. Біз де өз кезегімізде осы құндылықтарды өз ұрпағымызға дарытуға тырысамыз. Біз сол арқылы өз достығымызды нығайта аламыз деп есептеймін.

Ақмола облысындағы корейлердің барлығы Қазақстанда туып-өскен. Олардың көпшілігі аралас некеде тұрады. Өзімізді қазақстандықтар санаймыз. Бірақ, сонымен бірге, біз туған халқымыздың  тарихын ұмытпаймыз, тілі мен дәстүрлерін және әдет-ғұрыптарын сақтауға тырысамыз. Бұған бізге облыстық Достық үйінде жұмыс істейтін «Чинсон» корей этномәдени орталығы көмектеседі. Этномәдени бірлестіктің дамуына,оған жаңа серпін беруге, жұмысын жандандыруға жақындаөз басым жаңадан төрайым болып сайландым.

Таяуда осы орталықтың ұйымдастыруымен корей халқының Жаңа жылы-Соллалды бірге тойлау үшін дәмханаға жиналдық. Көптеген әйелдер ұлттық киіммен келді. Кеште корей музыкасы, әндері жас әншілердің орындауында шырқалды, ұлттық билер орындалды. Қатысушылар бір-бірін мерекемен құттықтап, құрмет белгісі ретінде шағын сыйлықтар сыйлады.

Кеш қызықты конкурстар және ойындардың ұйымдастырылуымен көңілді өтті. Әр ұлттың өз дәстүрін дәріптеуге мүмкіндік туғыздырған қазақ халқына алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Бұл мереке қазақ елінде әр этнос өкілінің өз тарихы бар екендігін айғақтайды.  Кеш барысына жиналған корей халқының өкілдері де өз лебіздерінде қазақ халқына алғысын білдірді. Себебі, жақсылық ешқашан ұмытылмайды ғой.

Ольга ЛЯН,
«Чинсон» корей этномәдени орталығының төрайымы.  

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар