– Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты трассада 1000-нан астам көлік қамалып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, ауа райына байланысты жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында 28 ақпанда Ақмола облысында 12 автожолды жабу туралы шешім қабылданды. «Полиция жасақтары мен басқа да құзыретті органдар күшейтілген режимде жұмыс істеді. Блок-постар қойылды. Жақын маңдағы елді мекендерде жылыту пункттері белгіленді, қосымша экипаждар енгізілді. Жолдың жабылуы мен қарлы боран туралы алдын ала ескертуге қарамастан көптеген көлік жолда қалды.
полиция қызметкерлері 6 колонаға тізбектелген 1000-нан астам көлікті Қостанай және Қарағанды облыстарының, Астана қаласының шекараларына алып жүрді», — деді ведомстводан.
Қазіргі кезде, ауа райына байланысты «Астана – Павлодар» және «Астана – Щучье» трассалары жабық тұр.