Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қаңғыбас иттердің мәселесі қоғамды алаңдатып отыр - АРҚА АЖАРЫ

Қаңғыбас иттердің мәселесі қоғамды алаңдатып отыр

 Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облысы ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Ибрагим Балтабай өңірдегі қаңғыбас иттердің мәселесін шешу барысы жөнінде айтып берді.

2021 жылғы 30 желтоқсандағы №97-VII «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы ағымдағы жылдың 2 наурыз күні күшіне енді. Аталмыш заң жануарлармен жұмыс істеу кезінде оларды қорғау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамда адамгершілік қағидаттарын сақтау, сондай-ақ, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында қоғамдық қатынастарды реттейді.

− Адамдар мен жануарларға қауіп төндіретін қаңғыбас иттер мен мысықтарды оқшаулаудағы мақсат аса қауіпті жұқпалы аурулардың, адамға шабуыл жасау жағдайларының алдын алу және оларды болдырмау болып табылады. Жиі кездесетін аурулардың бірі – құтыру. Қаңғыбас иттер және мысықтар құтыру вирусының тасымалдаушысы бола отырып,  адамға шабуыл жасаған кезде инфекцияға жұқтырады. Бұл адам мен жануарлардың денсаулығына зиян келтіреді. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жансыздандыру, қараусыз қалған жануарларды уақытша ұстау, вакцинациялау және зарарсыздандыру иттер мен мысықтардың адам денсаулығына зиян келтіру мүмкіндігін болдырмайтын жағдайлар жасауға, санитарлық – эпидемиологиялық және ветеринарлық салауаттылықты және қаңғыбас жануарлардың санын бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған, −деді Ибрагим Балтабай.

«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңына сәйкес қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке қатер төндіретін өзге де жағдайларда жануарларды жансыздандыруға жол беріледі. Бұл заңды іске асыру үшін облыс әкімдігі қаңғыбас иттер мен мысықтардың санын реттеу үшін облыстық бюджеттен қаржы бөлді.

− Биыл қаңтар айында облыс аумағында қараусыз және қаңғыбас жануарларды аулау және өлтіру, вакцинациялау және зарарсыздандыру бойынша мемлекеттік сатып алулар өткізілді. Мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпазы болып 16 аудан мен Көкшетау және Степногорск қалаларында «Қазшосқұрылыс» ЖШС-і, Атбасар ауданында «Крамарь» жеке кәсіпкерлігі  анықталды. Қазіргі уақытта олар шарттық міндеттемелерді орындау бойынша жұмыстар жүргізуде,−деп толықтырды өз сөзін Ибрагим Балтабай.

Басқарма мамандары «Дизайн-Сити» фирмасымен бірлесіп, 41 ит және 32 мысыққа арналған уақытша ұстау пунктінің жобасын әзірлепті.  Аталмыш  жобаның құны 50,0 миллион теңге. Бүгінгі таңда Ақмол ауылы, Атбасар және Көкшетау қалаларында жануарларды уақытша ұстау пунктін салу мәселесі қарастырылуда. Сонымен қатар,  қараусыз және қаңғыбас жануарларды уақытша ұстау бойынша конкурсты мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы өткізеді және оның нәтижелері наурыз айының 20-ы күніне орай белгілі болады.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар