Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большинаның мәліметінше, Талдықорған қаласында грек-рим күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Боз кілемге 300-ден астам спортшы шықты және әлемдік турнирлерде ел намысын қорғайтын үздіктер анықталды.
Ақмола облысынан барған Жақсы және Атбасар аудандарының палуандары жүлделі үш медальді жеңіп алды.
Әлішер Жапаров (110 кг) және Гасымов Әзиз (67 кг) чемпион атанса, Ислам Гасымов (68 кг) күміс жүлдеге қол жеткізді.