– «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы бірнеше жолдың жабылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
7 наурыз сағат 17:30-дағы ақпаратқа сәйкес 3 облыста ауа райының күрт нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 9 учаскесінде жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілген.
Атап айтқанда, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай өңірлерінде тасжолдар жабылды.
Республикалық автожолдарды күтіп ұстау жұмысына 400 техника мен 500 қызметкер жұмылдырылды.