– Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында 16 наурыз күні «Хабар» арнасында өтетін теледебатқа кімдер түсетіні белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл жолғы телевизиялық пікірсайысқа кімдер қатысу ұсынылғанын ОСК мүшесі Анастасия Щегорцова мәлім етті.
«Бүгін Орталық сайлау комиссиясы қаулысының жобасымен пікірсайыс өткізу регламентін келісу, сондай-ақ, теледебатқа қатысушылардың партиялар ұсынған тізімін бекіту ұсынылады.
«Amanat» саяси партиясынан – Қошанов Ерлан Жақанұлы,
«Ауыл» халықтық демократиялық патриоттық партиясынан Дайрабаев Жигули Молдахалықұлы;
«Respulica» партиясынан Қожаназаров Айдарбек Асанұлы;
«Қазақстан халық партиясынан – Ертісбаев Ермұхамед Қабиденұлы;
Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясынан – Әміртаев Азаматхан Сайлауұлы;
«Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясынан – Перуашев Азат Тұрлыбекұлы;
«Жалпыұлттық социал+демократиялық партиясынан» — Әуесбаев Нұрлан Сатыпалдыұлы», — деді ОСК мүшесі.
Комиссия мүшелері аталмыш телевизиялық пікірсайысты өткізу туралы қаулыны бірауыздан қабылдады.