Бурабай ауданы Щучинск қаласында IQanat мектебінің жаңа кампусына бетон құю рәсімі өтті.
«Freedom House» жаңа кампусы құрылысының басталуын «Freedom Holding Corp» атқарушы директоры Тимур Турлов, «BI Group» Холдингінің директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаев, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Малғаджар Тәткеев және жобаның басқа да қамқоршылары берді.
Ірі компаниялар мен кәсіпкерлер кампустардың, кітапханалардың, жатақханалардың және басқа да маңызды нысандардың құрылысын қаржыландыратын дәстүр тарихи ғасырлар бойы қалыптасқан. Сонымен, «Freedom Holding Corp» атқарушы директоры осы мектепте жаңа дәстүрдің негізін қалады.
Құны 2,5 миллиард теңге болатын жаңа кампус ағымдағы жылдың күзінде оқушыларды қабылдай алады. Кампус планетарийі, 420 орындық амфитеатры, STEAM зертханасы, 7 мың кітапқа арналған кітапханасы бар ауыл балаларын дамытуға арналған орынға айналады. Бұл балалардың білім сапасына айтарлықтай әсер етеді, енді IQanat олимпиадасының 500 — ден астам ауыл балалары қосымша білім алу үшін жыл бойы мектепке қосымша келе алады.
Айта кетейік, IQanat — әлеуметтік-білім беру жобасы, ауыл оқушыларын қолдауға ниет білдірген
100-ден астам қазақстандық кәсіпкерлер қолдау көрсетеді.Осы бағдарламаның арқасында мыңдаған оқушылар мотивация мен қосымша білім алады, ал жүздеген оқушылар грантқа Қазақстанның және шетелдің үздік университеттеріне түседі.
Дереккөз: www.gov.kz