Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Халықаралық байқаушы бюллетеньдегі «бәріне қарсымын» бағанына қатысты пікір білдірді - АРҚА АЖАРЫ

Халықаралық байқаушы бюллетеньдегі «бәріне қарсымын» бағанына қатысты пікір білдірді

– Кавказ тарихы орталығының директоры (Әзербайжан), байқаушы Ризван Наджаф оғлы Гусейнов Қазақстандағы сайлау бюллетенінде жазылған «бәріне қарсымын» бағанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Таңертең қаладағы біраз сайлау учаскесінде болдым. Жалпы, халықтың дауыс беруге келуі қарқыны жақсы және түске қарай бұдан да жоғары болады деп ойлаймын. Қазақстанда сайлау бюллетенінде «бәріне қарсымын» деген жолақ бар. Осы орайда кез келген сайлаушы тізімдегі үміткерлерге өзінің қарсылығын айқын білдіре алады. Бұл өз кезегінде демократияның көрсеткіші деп білемін. Адамдар осы арқылы өз көзқарасын ашық көрсетеді. Сайлау қорытындысы бойынша «бәріне қарсымын» жолағын белгілеген адамдар саны сарапшылар мен әлеуметтанушылар үшін қызық болады деп санаймын. Өйткені осының барлығы сайлауалды бағдарламасының қаншалықты тиімді болғанын көрсетеді», — деді Ризван Наджаф оғлы Гусейнов елордадағы Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен брифингіде.

Өз кезегінде саясаттанушы, Кавказ халықаралық университетінің профессоры (Грузия) Вахтанг Маисая дауыс беруге келіп жатқан сайлаушылар қарқыны жақсы екенін құптады.

«Таңертеңнен бері 11 сайлау учаскесінде болдым. Атап айтқанда, елеулі кемшіліктер байқалмады», — деді В. Маисая.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау басталды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар