– Елімізде өткен бір тәулікте коронавирусқа шалдыққан 22 адам анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
24 наурыздағы жағдай бойынша, өңірлерде коронавирус инфекциясынан 1 789 адам (коронавирустан (КВИ+) –1 619, пневмониядан (КВИ-) – 170 КВИ) емделуде. Олардың ішінде 140 пациент стационарда, 1 649 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
— 5 адамның жағдайы ауыр,
— 1 пациенттің жағдайы өте ауыр,
— 2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
Сондай-ақ министрлік мәліметіне сүйенсек, бүгінге дейін елімізде коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентімен 10 864 671 адам егілді, II компонентпен — 10 637 893 адам. Ревакцинацияланды – 5 776 192 тұрғын.