Ақкөл ауданында көктемгі су тасқыны кезеңі әдетте төтенше жағдайларсыз өтеді. Алайда, жыл сайын су тасқынының алдын алу шаралары өткізіледі. Бұл жөніндеөңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімінің орынбасары Жанбота Салыбеков баяндап берді.
Биыл көктемде тасқын суларды апатсыз өткізу жөнінде аудандық жедел штаб құрылды. Іс-шаралар жоспары бекітілді. Сыйымдылығы 6,7 миллион текше метрді құрайтын Красноборск су қоймасы 3 коммуналдық және 3 жеке құрылыс бар. Осы гидротехникалық құрылыстар үнемі тексеріліп отырады. Өткен жылғы қыркүйекте қолда бар гидротехникалық құрылыстарды тексеру жүргізілді. Тексеріс актілеріне сәйкес барлық құрылыстардың техникалық жай-күйі қанағаттанарлық, су қоймаларының су көлемі ең төменгі деңгейге түскен, тасқын суларды қабылдауға дайын. Елді мекендерді су басу қаупі жоқ, −деді Жанбота Салыбеков.
Қазіргі уақытта, тұрғын үйге жақын аумақтан, көшелерден, білім беру және денсаулық сақтау объектілерінен қар шығару жұмыстары ең басты міндеттің бірі болып табылады. Ауданның кәсіпорындары мен ұйымдары жол төсемін тазарту және кеңейту, сондай-ақ қала көшелерінен және ауданның елді мекендерінен қар шығару бойынша жұмыстар жүргізуде.
− Су тасқынының алдын алу және оның салдарын жою үшін 40 тонна инертті материал, 750 қап дайындалды. Төтенше жағдай бола қалса, барлық меншік нысанындағы кәсіпорындардың 20 арнайы техникасы тартылады. Сондай-ақ, бес ұйыммен меморандумдар жасалды. Өткен су тасқыны кезеңінде үй маңындағы аумақтарды еріген сулармен су басудың жекелеген жағдайлары тіркелген еді. Бұл олқылықты жою үшін өткен жылы өнімділігі сағатына 120 текше метр болатын төрт«Тарлан»мотопомпасы сатып алынды. Жыл сайын әрбір ауылдық округке су тасқынына қарсы іс-шараларға қаражат бөлінетінін атап өткен жөн. Мәселен, тек биыл ғана аудандық бюджетте су тасқынына қарсы іс-шараларға 42 миллион 603 мың теңге қарастырылды. Азаматтық қорғау органдары мен құралымдарының көктемгі кезеңге дайындығын қамтамасыз ету мақсатындааудан аумағында «Көктем — 2023»республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді.
20 ақпанда ауданда су тасқынына қарсы іс-шаралар айлығы басталды. Оның шеңберінде еріктілер азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірлесіп тұрғын үй секторын аралап, тұрғындарға үй аумақтарын қардан уақтылы тазарту, үйлердің жанынан өтетін арықтардың арналарын тазарту бойынша түсінік жұмыстарын жүргізеді.
Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.