Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жабай өзені тұрғанда, қатер бар - АРҚА АЖАРЫ

Жабай өзені тұрғанда, қатер бар

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Омаров пен аудандық төтенше жағдай бөлімінің басшысы Әсет Жанғожин ауданның көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындығы жөнінде тарқатты.

Сандықтау ауданының аумағында өзендердің тасқын суларымен су басуға бейім  он елді мекен бар. Жабай өзені ең үлкен су тасқыны қаупін туғызады. Өйткені, оның арнасында аудан аумағында су басу қаупі төнген елді мекендердің ең көп саны орналасқан, су басу аймағындағы үйлердің саны 138, тұрғындар саны 395 адамды құрайды.

−Осы аймақтарда тұратын елді мекен халқының санын, олардың санаттарын көрсете отырып, су басу аймақтарының сұлбалары айқындалды және жасалды.Су тасқынына қарсы штаб құрылып, көктемгі кезеңде су тасқынын апатсыз өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.Аудан әкімдігі күзгі кезеңде және осы уақытқа дейін ауқымды жұмыс жүргізді. Елді мекендерден 38 500 текше метр қар шығарылып, уақытша үйінділер бекітілдіжәне 2,8 шақырым су арналары жабдықталды. Сондай-ақ, аудандық маңызы бар автожолдарда 19 су өткізу орындары қарастырылды. Ауданның су объектілеріндегі Сандықтау, Балкашино, Максимовка, Каменка және Новоселовка елді мекендерінде су тасқыны режимі енгізіле отырып, тәулік бойы кезекшілікпен су бекеттері жабдықталды. Штаб жұмысы ағымдағы жылдың 24 наурызынан басталды, −деді Қайрат Омаров.

Су объектілерінің мұз қабатын қопсыту бойынша жарылыс жұмыстары жүргізілді.Еріген суды уақтылы сорып алуды қамтамасыз ету үшін ауданда әртүрлі қуаттылықтағы жеңдермен жабдықталған 16 мотопомпақарастырылған.

−Өткен жылдардағы су тасқынының өтуін талдау жұмыстарына сәйкес елу жеті адамнан және он сегіз арнайы техникадан тұратын шұғыл ден қою жасағы құрылды.«Көктем 2023» командалық-штабтық оқу-жаттығуына барлық азаматтық қорғау қызметтері қатысты.Су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу күші 115 адамды және 48 техниканы құрайды.Төтенше жағдайларды қабылдауға және жоюға Сандықтау ауданының аудандық бюджетінде бағдарламалар бойынша қаржы қаражаты көзделді, – деді Әсет Жанғожин.

Аудан бойынша жүкті және созылмалы науқастар су тасқыны қаупі төнген елді мекендерден алдын ала шығарылады, сондай-ақ, бір жарым айлық азық-түлік және бірінші кезекте қажетті заттар жеткізіледі. Қазіргі уақытта ауданның елді мекендерінен қар шығару жұмыстары жандана түскен, оған барлық ауыл шаруашылығы өндірушілері тартылуда.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар