Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жоспарлы дайындық нәтижесін беруі тиіс - АРҚА АЖАРЫ

Жоспарлы дайындық нәтижесін беруі тиіс

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қосшы қаласы әкімінің орынбасары Әлмира Ыбыраева мен қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Асқар Жақыповтың қатысуымен  баспасөз мәслихаты болып өтіп, қаланың су тасқыны кезеңіне дайындығы баяндалды.

– Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар қатерлеріне уақытылы ден қою және су тасқынының алдын алу және оның салдарын азайту жөніндегі қызметтердің іс-қимылдарын үйлестіру мақсатында, сондай-ақ, Қосшы қаласы мен Тайтөбе ауылының тұрғындары тарапынан әлеуметтік шиеленіс ошақтарының пайда болуының алдын алу жөніндегі шараларжүйелі жүзеге асып жатыр, – дейді Әлмира Ыбыраева.

Алдымен қаладаықтимал су тасқынының қауіпті төртаймағы анықталды.Қазіргі таңда осы аймақтардан 30 мың текше метрден астам қар шығарылды. Осыған орай аталған учаскелер қауіп төндірмейді деуге болады.

Инженерлік, қосалқы және эвакуациялық 31 техника дайындалды. Жергілікті бюджеттен аталмыш іс-шараларға 48,4 миллион теңге бөлінді. Оның ішінде дала өрттерініңалдын алу және сөндіру жөніндегі іс-шараларға 18,0 миллион теңге бағытталған. Сол сияқты төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға 8,0 миллион  теңге,  мүмкін емес шығындарға арналған резерв 10,4 миллион теңге, төтенше резервке12,0 миллион теңге қарастырылған.

Уақытша бөгеттерді жайластыру үшін 10 мың қап және 340 тонна инертті материал сатып алынды. «Александрит-ИВ» серіктестігімен меморандум жасалды.1500 литр дизель және 1500 литр бензин қоры бар. Ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап Қосшы қаласының көше-жол желісін жөндеуді және салуды жүзеге асыратын «АБК Автодор НС» серіктестігі мердігер ұйымы қаладағы қарды шығару жұмыстарына кірісті.

Қосшы қаласының полиция бөлімімен бірлесіп жеке сектор және тұрғын үй кешендері бойынша рейдтер жүзеге асырылып, қар шығару мәселелері пысықталуда.

 Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар