– Өткен тәулікте елімізде 32 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақта министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.
27 наурыздағы мәлімет бойынша, 1 769 адам коронавирус инфекциясынан (–1 595+ және 174 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 152 пациент стационарда, 1 617 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 3 адамның жағдайы ауыр,
• 2 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 4 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.