– Орталық сайлау комиссиясы ҚР Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауының түпкілікті қорытындысын шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Комиссия мәліметінше, Мәжіліс сайлауына қатысқан партиялар сайлаушылар даусын былай бөліскен:
1. Amanat партиясы – 53,90% немесе 3 431 510 адам дауыс берді;
2. «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы – 10,90% немесе 693 938 адам дауыс берді;
3. Respublica партиясы – 8,59% немесе 547 154 адам дауыс берді;
4. Қазақстан халық партиясы – 6,8% немесе 432 920 адам дауыс берді;
5. «Байтақ» жасылдар партиясы – 2,30% немесе 146 431адам дауыс берді;
6. «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы – 8,41% немесе 535 139 адам дауыс берді;
7. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – 5,20% немесе 331 058 адам дауыс берді;
«Бәріне қарсымын» бағаны – 3,90% немесе 248 291 адам дауыс берді.
ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіровтың дерегінше, 5 және одан да көп пайыз дауыс жинаған саяси партиялардың арасында Мәжіліс депутатының мандаттары былай бөлінді:
1. Amanat партиясы – 40 мандат;
2. «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы – 8 мандат;
3. Respublica партиясы – 6 мандат;
4. Қазақстан халық партиясы – 5 мандат;
5. «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы – 6 мандат;
6. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 4 мандат.
Еске салайық, 19 наурызда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтті. Бұл жолы кандидаттар партиялық тізім негізінде және бір мандатты округтер бойынша сайлауға қатысты.
Мәжіліс сайлауына 7 саяси партия тіркеліп, оның алтауы 5%-дан көп дауыс жинады.
Республикалық телеарналарда тікелей эфирде Мәжілісі сайлауына қатысатын 7 партия өкілдері арасында үш дебат өтті.