– Көкшетауда бірнеше көшені су басты. Еріген қар суы жеке сектордағы үйлердің ауласы мен жертөлесіне дейін кірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат Хабар24 сайтына сілтеме жасап.
Сайттағы мәліметтерге қарағанда, әсіресе, қала шетіндегі шағын аудандардағы жағдай қиын. Көшені басқан судан жергілікті тұрғындар аяқ алып жүре алмайды. Жалпы, қаладағы тасқын қауіпсіздігіне бір кәсіпорын жауапты. Шағын шаһардың өзіне жүзге жуық техника жұмылдырылған. Бұдан бөлек, жергілікті құтқарушылар да күн-түн демей, еріген қар суымен күресіп жатыр.
«Күннің күрт жылынуына байланысты қаладағы бірнеше шағынауданда осындай жағдай тіркелді. Құтқарушылар мен атқарушы компания өкілдері қызу жұмыс істеп жатыр. Қазір жеке сектордағы қалған қарды шығарып, арықтарды тазалап жатырмыз. Әзірге көшелерді су шайғанмен, үйлерді су басу дерегі тіркелген жоқ. Қатаң бақылауда ұстап отырмыз»,-деді қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Максим Шатковский.