Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Асыраушысынан айырылғандардың жәрдемақысы қыркүйек емес, шілдеден бастап 14,5% өседі - АРҚА АЖАРЫ

Асыраушысынан айырылғандардың жәрдемақысы қыркүйек емес, шілдеден бастап 14,5% өседі

– Еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылғандарға берілетін жәрдемақы 1 шілдеден бастап 14,5%-ға өседі. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2023 жылғы 1 шілдеге дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларына тағайындалған әлеуметтік төлемдердiң мөлшерiн 2023 жылғы 1 шілдеден бастап 14,5 пайызға арттыру жүргізілсін. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң, бірақ 2023 жылғы 1 шілдеден ерте емес қолданысқа енгізіледі», — делінген Үкімет қаулысында.

Айта кетейік, кеше VIII сайланған ҚР Парламентінің бірінші сессиясында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке 1 қыркүйектен бастап асыраушысынан айырылған азаматтардың жәрдемақысын 14,5%-ға көтеруді тапсырған болатын.

«Асыраушысынан айырылған азаматтар назардан тыс қалмауы керек. Осы орайда, Үкіметке аталған санаттағы адамдардың жәрдемақысын орта есеппен 14,5 пайызға көбейтуді тапсырамын. Мұны биылғы 1 қыркүйектен бастап қолға алу қажет. Қазақстан біздің аймақтағы осындай әлеуметтік жәрдем беретін жалғыз мемлекет деуге толық негіз бар», — деп міндет қойды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Араға бір күн салып, Президент тапсырмасын орындау мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қаулы әзірледі.

Құжат 13 сәуірге дейін көпшілік талқылауда болады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар