Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Пациент қауіпсіздігін қамтамасыз ету басымдыққа ие - АРҚА АЖАРЫ

Пациент қауіпсіздігін қамтамасыз ету басымдыққа ие

Қазақстан Республикасы Президенті Ісі Басқармасының Медициналық орталығы күндері аясында Ақмола облысына «санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорын халықты иммундау және пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өңірдегі медициналық ұйымдардың басшылары үшін мастер-класс өткізді.

Қазақстан Республикасының Деңсаулық министрлігінің қоғамдық деңсаулық сақтау ұлттық орталығы «санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» Алматы филиалының инфекциялық және паразиттік аурулар басқармасының басшысы Манар Смағұл ақмолалық әріптестеріне иммундау және медициналық көмек көрсетуге байланысты инфекция таралуы саласындағы өзекті мәселелерді шешу жолдары туралы толық ақпарат берді.

Білікті маманның айтуынша, иммундық емес қабаттың жиналуына байланысты әлемде және Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдайдың асқынуы вакцинацияның маңыздылығын көрсетеді. Бұл жағдайда иммундау инфекциялармен күресудің ең тиімді шарасы болып қала бермек.

«Қызылшаның даму қаупі жоғары және COVID-19 инфекциясының салдарын ескере отырып, кез келген медициналық ұйым үшін пациенттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету аса маңызды. Инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылау, соның ішінде микробқа қарсы препараттарға төзімділік мәселелері бойынша кадрларды даярлау бағдарламасы пациенттер мен денсаулық сақтау қызметкерлерінің инфекцияларының алдын алуға ықпал етеді», — деп атап өтті Манар Смағұлова.

Дәрігерлердің айтуынша, денсаулық сақтау ұйымдарындағы инфекциялардың алдын алудың тиімді бағдарламасы мен стратегиясы медициналық ұйымның инфекциялық әл — ауқатының кепілі. Сондықтан иммундауды жүзеге асыру бағдарламасының жоспарын әзірлеу және инфекцияның алдын алу сапалы деңгейде болуы керек.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар