Облыс әкімі Ермек Маржықпаев жыл сайынғы «Ақмола облысының спорт тарландары» форумына қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, республикалық және халықаралық деңгейде үздік нәтижелерге қол жеткізген спортшылар мен олардың жаттықтырушыларын марапаттады.
Бағалау 30 аталым бойынша өтті. Алып күш иесі Қажымұқан Мұңайтпасовтың спорттық сыйлығын осыншама спортшы иеленді. Ақмола облысы өзінің спорттық тарихымен және оның даңқты дәстүрлерге бай. Өңірде елеулі нәтижелер мен жеңістерге қол жеткізген атақты чемпиондар мен рекордсмендер тәрбиеленді.
Жыл сайын облыстың спорт қоғамдастығының үздік өкілдерін құрметтеу және марапаттау игі дәстүрге айналып отыр. Ақмолалық спортшылар, жаттықтырушылар мен спорт мекемелерінің қызметкерлері бұқаралық спорт пен дене шынықтыруды дамытуға қосқан үлесінің маңыздылығын түсіне отырып, Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы спорт саласының үздік өкілдері үшін Қажымұқан Мұнайтпасовтың спорттық сыйлығын жайдан-жай бекіткен жоқ. Мұның өзі бүгінгі спорт өкілдеріне және олардың ізбасарларына түрлі сайыстарда үздік нәтижелерге жетулеріне қосымша серпін береді деген үміт бар.
Боксшыларды, шаңғышыларды, ауыр атлеттерді, жүзушілерді, баскетболшыларды, биатлоншыларды, балуандарды және олардың тәлімгерлерін құттықтаған облыс әкімі:
–Бүгін спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына алғыс білдірудің тамаша мүмкіндігі туып отыр. Спорт ең алдымен Отанымыздың даңқын асыратын ең ауыр жұмыстардың бірі. Барлық ақмолалықтардың атынан сіздерді құттықтап, алғысымды білдіремін. Біз сіздерді мақтан тұтамыз және алда биік белестерден көрінулеріңізге тілектестігімізді білдіреміз, – деді Ермек Маржықпаев.
Сондай-ақ, әкім өңір спортшыларының жетістіктерін, халықтың жаппай спортпен шұғылдануына арналған нысандар санының өсуін атап өтті.
Әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионының күміс жүлдегері Карина Ибрагимова үздік спортшы атанды. Ал, ең үздік тәлімгер болып бокстан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Александр Высоцкий танылды.
Ұлттық спорт түріндегі үздіктер атап өтілді, олар тек ел ішінде ғана емес, одан тыс жерлерде де белгілі.
Ерік пен рухтың күші, қиындықтарды жеңудегі батылдық, физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдарға әр түрлі салаларда үлкен жетістіктерге жетуге, белсенді өмір салтын ұстануға және өз жолында күрделі шыңдарды бағындыруға мүмкіндік береді. Олимпиада ойындарының бағдарламасына кірмейтін спорт түрлерінің ішінде Ақмола облысында өте танымал көптеген кәсіби түрлері бар: қоян-қолтық және жекпе-жектің басқа түрлері, пауэрлифтинг, армрестлинг, гір спорты, техникалық спорт түрлері. Бұл спорт түрлері көптеген көрермендерді қызықтырады.
Сондай-ақ, дене шынықтыру мен спорттың қалыптасуына елеулі үлес қосқан, облыстың спорттық намысын лайықты қорғаған және танытқан спорт ардагерлері атап өтілді. Олардың белсенділігі мен жоғары нәтижелерімен республиканың әлемдік қоғамдастықтағы оң имиджін арттыруға ықпал етеді.
Суретте: бокстан әлем чемпионы Теміртас Жүсіпов.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суретті түсірген Айбек ДАНИЯРОВ.