Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының мәліметінше, іс-шараның басты мақсаты – қала көшелері мен тұрғын үй аулаларын күл-қоқыстан тазарту. Акцияға қатысушылар көгалдарды, көшелерді, тротуарларды, орамішілік аумақтарды және суағарларды тазалады.
Көкшетау әкімдігінің дерегі бойынша, облыс орталығы амуағы 218 шағын учаскеге бөлініп, мемлекеттік мекемелерге, коммуналдық кәсіпорындарға, ПИК, МИБ, заңды және жеке тұлғалар мен бюджеттік ұйымдарға бекітілген.
«Жалпы қала аумағы ұйымдарға бекітілген шағын учаскелерге бөлінді. Қаланы көктемгі кезеңге дайындау бойынша уақтылы жұмыстарды қамтамасыз ету үшін қаланың коммуналдық қызметтері жұмылдырылды. Жалпы қалалық сенбілік аяқталғаннан кейін кәсіпорындардың күшімен қала көшелерінен және қызмет көрсету учаскелерінен жиналған қоқыстар шығарылды», — деп түсіндірді әкімдіктен.
Сенбілікке белсенді қатысушылардың бірі жастар болды. Ақмола облысының жастар-ресурстық орталығының бастамасымен оқу орындарының студенттері Назарбаев даңғылы бойындағы жағалауды тазартты.
«Мұндай іс-шаралар бізбен жиі өткізіледі, біз өзіміз табиғат үшін алаңдаймыз, туған қалаға бей-жай қарамаймыз. Дәстүр бойынша, көктемнің келуімен біз көшелерді қыста қалған қоқыстардан тазартамыз. Акцияның басты мақсаты-жұртшылықтың, әсіресе жастардың назарын демалыс орындарының қоқыспен ластану проблемасына аудару, қаладағы экологиялық жағдайды жақсартуға жәрдемдесу», — деп атап өтті ұйым басшысы Дастан Ермеков.
Айта кетсек, акцияға қаланың коммуналдық кәсіпорындарынан 35 арнайы техника жұмылдырылып, 22 контейнерлік алаң тазартылды және 40 жуық жүк көлігіне тиелген қоқыс қала сыртына шығарылды.