Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
ЕАЭО елдерінен көлік әкелу: Қырғызстан мен Арменияға қатысты қандай талаптар бар - АРҚА АЖАРЫ

ЕАЭО елдерінен көлік әкелу: Қырғызстан мен Арменияға қатысты қандай талаптар бар

— Мемлекеттік кірістер комитеті Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен әкелінген автокөліктерді кедендік тазарудан өткізу қажет пе деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан азаматтары, Қырғыз Республикасында 2014 жылғы 1 қаңтарға дейінгі және Армения Республикасында 2014 жылғы 10 қазанға дейінгі кедендік тазартудан өткен автомобильдерді әкелуіне болады.

Аталған автомобильдерді Қазақстан Республикасының аумағына Қырғыз Республикасының және Армения Республикасының аумағында тұрақты тұратын адамдар ғана әкеле алады.

Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) 2014 жылғы 29 мамырдағы Шарттың ережесіне сәйкес Армения Республикасы (АР) мен Қырғызстан Республикасы (ҚР) үшін өтпелі кезең белгіленген. Осы кезең ішінде ішінде АР мен ҚР елдеріне үшінші елден әкелінген автокөліктерге қатысты кедендік баждар, салықтар осы елдердің заңнамасына сәйкес төленеді. Сонымен қатар, 2014 жылғы 10 қазанынан 2020 жылғы 1 қаңтарына дейін Армения Республикасында және 2014 жылғы 1 қаңтарынан 2020 жылғы 1 қаңтарына дейін Қырғызстан Республикасында кедендік тазартудан өткен авто көліктер ЕАЭО-тың өзге мүше мемлекеттерінде шетел тауарлары болып табылады және кедендік бақылауға жатқызылады.

1. ЕАЭО СЭҚ ТН 8702, 8703, 8704 позицияларында сыныпталатын тауарлар автомобильдерге және жеңіл автомобильдерге және өзге де моторлы көлік құралдарына қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тариф белгіленген мөлшерді Армения Республикасында үш жыл өткеннен кейін қолданады (яғни 2023 жылдың 1 қаңтарынан). Сәйкесінше, Армениядан әкелінген автокөліктер мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері Арменияда кедендік тазартудан өткенін растағаннан кейін, 2023 жылы легализациялануына болады.

2. ЕАЭО СЭҚ ТН 8702, 8703, 8704 позицияларында сыныпталатын тауарлар автомобильдерге және жеңіл автомобильдерге және өзге де моторлы көлік құралдарына қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифте белгіленген мөлшерінің Қырғыз Республикасындақолданғанына 5 жыл өткен соң (яғни 2025 жылдың 1 қаңтарынан) және кедендік баждар мен салықтар сомалар айырмасы мөлшерінде кедендік баждар мен салықтарды төлегеннен кейін.

Бұл ретте, автокөліктерді Ресей Ферерациясы мен Беларусь Республикасынан Қазақстан Республикасына кеденге қатысты шектеулерсіз әкеле алады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар