Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Халықты қорғау басты міндет - АРҚА АЖАРЫ

Халықты қорғау басты міндет

 Өңірлік коммуникациялар қызметінде Жақсы ауданы әкімінің орынбасары Бахтияр Қасенов ауданның ағымдағы жылғы су тасқыны кезеңіне дайындығы жайында брифинг өткізді.

Өткен жылдың екінші тоқсанында Жақсы ауданының аумағында су тасқыны кезеңінде су басу қаупіне ұшыраған елді мекендерді инженерлік қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді.  Осы жоспарға сәйкес Жақсы ауылы бойынша төрт бірлік су өткізу құбырлары орнатылды. Бекітілген жоспар бойынша барлық жұмыстар 100 пайызға атқарылды.

−Жақсы ауданы әкімдігінің ағымдағы жылғы 22 ақпандағы 2023 жылғы көктемгі кезеңдегі су тасқынына қарсы шаралар жөніндегі қаулысы қабылданды. Аудан аумағында көктемгі кезеңде тасқын суларды дайындау және апатсыз өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіліп, ауданның жедел су тасқынына қарсы штабы құрылды. Сондай-ақ, көктемгі су тасқыны кезеңінде су бақылау бекеттері орнатылды. Жалпы, төтенше жағдайдың алдын алу және жою үшін 3 миллион теңге қаржы бағытталып, шұғыл шығындарға 10 миллион теңге қор жинақталды. Сонымен қатар, 82 адам, 43 бірлік техника көлемінде жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары дайындалды. Ауданның азаматтық қорғау медициналық қызметі «Жақсы аудандық ауруханасы» базасында құрылды. Аталмыш мекеме 100 пайыз дәрі-дәрмекпен және материалдық ресурстармен қамтамасыз етілді. Аудан аумағында ұзындығы 80 шақырым темір жол, ұзындығы 424 шақырымнан астам автомобиль жолдары өтеді. Автожолдарда 127 су өткізгіш құбыр және 2 көпір бар. 12 эвакуациялық пункт дайындалды,−деді Бахтияр Қайсенов.

Атап атйқанда, апат кезінде тасқын су Подгорное, Чапаевское және Киевское ауылдарына өтетін жолдарды кесіп тастайды.  Аталған ауылдар бойынша алдын ала азық-түлік дайындау, қарттар мен жүкті әйелдерді қауіпсіз жерге жеткізу бойынша іс-шаралар өткізілді. Есіл өзенінің арнасынан 200 метр қашықтықта орналасқан су тасқыны қаупі бар Жана-Кийма ауылы бар.  Су тасқыны аумағына 12 үй, 30 адам кіреді.  Жалпы, ауыл аумағында 2468 адам тұратын 677 аула орналасқан. Аталмыш елді мекенде 2020 жылы Есіл өзенінің арнасы бойынша биіктігі 2 метр және ені 300 метр су қабылдағышты бекіту бойынша жұмыстар жүргізілді.

−Жақсы ауданының аумағында 7 гидротехникалық құрылыс бар. Ағымдағы жылдың наурыз айында жұмыс тобы гидротехникалық құрылыстарға тексеру жүргізді. Бүгінгі таңда бұл гидротехникалық құрылыстар елді мекендерге қауіп төндірмейді. Төтенше жағдайлар бөлімінің және 13 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен профилактикалық жұмыс жүргізілуде. Ауданның жалпы білім беретін мектептері, ұйымдары мен кәсіпорындарда 670 адамды қамтитын 19 нұсқама және су тасқыны кезеңіндегі мінез-құлық ережелері туралы 479 адамды қамтитын дәріс өткізілді. Сонымен қатар, ауданның ауылдарында тұратын үй секторын аралау жұмыстары атқарылды, −деп түйіндеді өз сөзін спикер.

Су тасқыны кезеңінде облыстың жедел штабын ақпаратпен қамтамасыз ете отырып, гидротехникалық құрылыстардың жай-күйі мен толықтырылуын қадағалау үшін  күнделікті мониторинг жұмыстары жүргізілуде.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар