– Ақмола, Ақтөбе және Павлодар облыстарында ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық трассалардың 8 учаскесінде жол қозғалысы шектелді, деп хабарлайды ҚазАвтожол баспасөз қызметі.
Ақмола облысындағы жол қозғалысына шектеу енгізілген күре жолдар:
— «Екатеринбург-Алматы» тасжолында Жақсы ауылынан Атбасар қаласына дейін;
— «Жақсы-Есіл-Бұзұлық» тасжолында Жақсы ауылынан Бұзылық ауылына дейін;
— «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» тасжолында Қостанай облысы шекарасынан Сұрған ауылына дейін;
— «Жезқазған-Петропавл» тасжолында Қостанай облысы шекарасынан Знаменка ауылына дейін;
— «Екатеринбург-Алматы» тасжолында Атбасар қаласынан Астраханка қаласына дейін.
Ақтөбе облысындаауа райының нашарлауына байланысты (қар аралас жаңбыр, жел) көліктің барлық түрі үшін «Ақтөбе-Орск» тасжолының Ш.Қалдаяқова ауылынан Ресей Федерациясының шекарасына дейінгі аралығында жол қозғалысы уақытша шектелді.
Павлодар облысында төмендегі күре жол бөліктері жабылды:
— «Астана-Ерейментау-Шідерті» тасжолының Ақмола облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейінгі аралығы;
— «Қызылорда-Павлодар» тасжолының Қарағанды облысының шекарасынан Павлодар қаласына дейінгі аралықта қозғалыс шектелді.
Дереккөз: www.inform.kz