Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Атқарылған жұмыстарға оң баға берілді - АРҚА АЖАРЫ

Атқарылған жұмыстарға оң баға берілді

 Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Аршалы ауданының тұрғындарымен есеп беру кездесуінде алдымен өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндап, жергілікті жердегі істің барысына, алда тұрған міндеттерге тоқталды. Сонымен қатар, бірқатар нысандарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстарды ой елегінен өткізді. Сондай-ақ, ел азаматтарын жеке мәселелері бойынша қабылдап, сауалдарына жауап берді.       

Облыс әкімі алдымен Ижевское ауылында орналасқан жұмыртқа ұнтағын өндіру және сұрыптау цехтарының жұмыстарымен танысты. Игілігі мол «Ижевский» шаруашылығының аты облыстан тысқары жерлерде де кеңінен мәлім. Ауыл еңбеккерлері өнім шығаруда жетекші орындардан көрінуде. Бұл өңір еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен Астана маңында азық-түлік белдеуін жасау бағдарламасына қатысып, нәтижелі істер атқарып келеді.

Кәсіпорын қазіргі таңда жұмыртқа ұнтағын шығаратын цехтың қуатын тиімді пайдаланып отыр. «Ижевский» өндірістік кооперативінің директоры Тимур Жанғоразовтың баяндауынша құрғақ ұнтақ өнімділігі сағатына 52 келіні немесе тәулігіне 1248 келіні құрайды. Жұмыртқа сұрыптау цехында заманауи технологиялар қолданылуда.

Мұнда 8 миллион дана жұмыртқа сақтауға арналған қойма да бар. Облыс әкімі өз сөзінде жергілікті тауар өндірушілерді қолдау мәселесі басты назарда екендігін айтып, кәсіпорын жұмысына оң баға берді.

Бұдан кейін облыс әкімі  ауылда орналасқан Мәдениет үйінде аудан тұрғындарымен кездесіп, облыстың негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, негізгі индикаторлар бойынша өткен жыл қорытындысымен таныстырды.

– Ақмола облысы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерімен  республика бойынша алдыңғы қатардан көрініп келеді. Өңірдің биік межелерді бағындыруына осы отырған аршалылықтардың да қосқан үлесі мол. Мен, осы үрдіс алға қарай жалғаса береді деп сенемін, – деді Ермек Маржықпаев.

Аршалы ауданы облысымызда  ауыл шаруашылығы саласымен айналысатын негізгі  өңірлердің бірі болып саналады. Ауданның Астана қаласының азық-түлік белдеуін қалыптастырудағы рөлі зор. Облыс  басшысы өңір дамуына, жаңа жұмыс орындарын ашып, өнім өндірудің үлесін арттыруға мол үлес қосып келе жатқан ірі компанияларды атап, осы жылы іске қосылатын кәсіпорындармен таныстырды. Өңірде салынған тұрғын үйлер, денешынықтыру-сауықтыру орталығы, жөнделген жолдар, мектептер, мәдениет үйлері, су желілері аз емес, осы жұмыстар алда да жалғаса бермек.

Өңірлерді дамыту бағыты бойынша көзделген жұмыстарды сапалы атқару үшін қаржыландыру көлемі де арта түсуде. Бір ғана мысал,  Аршалы ауданын қаржыландыру көлемі биыл 16,3 миллиард теңгені құрап отыр, бұл 2015 жылғы бюджетпен салыстырғанда,  бес есе артық. Ауданда барлық сала көрсеткіштері толық көлемде орындалып жатыр. Қай саланы алып қарасаңыз да, алға ілгерілеушілік бар. Мәселен, жол құрылысын салу мен жөндеуге биылғы жылы 8 миллиард теңге қарастырылған. Оның ішінде сегіз елді мекеннің жолдары жөнделетін болады. Атап айтар болсақ,  Жібек жолы, Жалтыркөл, Түрген, Донецкое, Анар, Бірсуат, Сарыоба, Арнасай елді мекендерінің жолдары жақсартылады. Екатеринбуг-Алматы автобанынан Бірсуат ауылына дейінгі 15 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Аршалы ауданында сапалы ауыз су мәселесіне де айрықша көңіл бөлініп отыр. 2023 жылы сумен қамтамасыз ету саласына 1,5 миллиард теңге бөлінген. Ал, газбен жабыдақтауға 2,4 миллиард теңге қарастырылып отыр. Ауданда құрылыс та қарқынды. Ағымдағы  жылы жалға берілетін 27 пәтерлік үйдің құрылысы жүргізілуде. Өткен жылы Түрген ауылында мәдениет үйін салу мәселесі қолға алынған. Сонымен қатар, Аршалы кентінде мәдениет үйінің құрылысы мен Жібек жолы ауылында 150 орындық жаңа   демалыс орталығының құрылысы басталады. Сондай-ақ, Қойгелді ауылында хоккей бойынша жаттығу базасының құрылысы жалғасатын болады.  Денсаулық сақтау саласы да басты назарда. Ағымдағы жылы Ұлттық жоба аясында Арнасай ауылында заманауи амбулаториялық емхана мекемесінің құрылысы басталады.

Ауданда атқарылып жатқан осы және басқа да ауқымды жұмыстар туралы баяндаған өңір басшысына өңір тұрғындары өз сұрақтарын қойып, барлық сұрақтарға тұшымды жауаптар алды. Бұл ауданда да өзге аудандардағы  проблемалар айна-қатесіз қайталанды.

Бұдан кейін, облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап әр тұрғынның өтініш-тілегіне құлақ асып, тиісті сала басшыларына нақты міндеттер жүктеді.

Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суреттерді түсірген Айбек ДАНИЯРОВ.

Аршалы ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар