Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақ тілін қалай үйренсек, ұтамыз?.. - АРҚА АЖАРЫ

Қазақ тілін қалай үйренсек, ұтамыз?..

«Мен қазақ тілін қалай үйретемін?» деп қаншама ұлт жанашырлары осы салада қызмет етіп келеді. Шыны керек, біздің ана тіліміз заң жүзінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мәртебесіне ие болғанымен, әлі күнге еңсесін тіктеп, қанатын кеңге жайып кете алған жоқ.

Ана тіліміздің болашағына алаңдап, қайтсек жағдайды түзейміз деп бас қатырып, айғай сап алаңға шығып, биік мінберлерден жалынды ұрандар айтып жатқан азаматтарды да көріп жүрміз. Тілдің қолданыс аясын кеңейтуге өз әлінше үлес қосып, қазақ тілінде мектеп, колледж, университеттерге керек оқулықтар мен оқу құралдарын жазып, үнсіз игі істер тындырып жүрген зиялы азаматтар да бар. Тіл орталығында қызмет атқарып отырған менің де бұл мәселеге қабырғам қайысады.

Негізі тіл үйренуге мүлде қабілетсіз адам болмайды. Былайынша еңбекқор, пысық жандар болса да, қазақ тілін үйренуге ерінетін, тіпті өздерінің жалқаулығын жасыру үшін: «Менің тіл үйренуге түк қабілетім жоқ, қанша оқысам да миымда тұрмайды» дейтіндер толып жатыр.

Қанша жылдан бері қазақ тілін үйрететін (тіпті тегін) курстар ашылып, тілашар сөздіктер, түрлі оқу құралдары шығарылуда. Алайда, басқа ұлтты былай қойғанда, «шала қазақ» атанып жүрген қала қазақтарының да қазақшасы жақсарып кеткен жоқ. Оның себебі неде? Жағдайды қалай түзетуге болады?

Ең алдымен, тіл үйренуге ниеттенген адам сол тілдің өзіне не үшін керек екенін анықтап алуы керек. Жәй әйтеуір, қазақша білмейсің деп тиіскендердің ауызын жабу үшін үйренемін дейтіндерден түк шықпайды. Ең әуелі, адам алдына нақты мақсат қою керек.

«Оқу инемен құдық қазғандай» екені бәрімізге белгілі. Сондықтан, маңдай теріңді төгіп, көз майыңды тауысып, байыпты түрде шұғылданбасаң, жан қинамай тіл үйрене салу деген бос қиял. Қазір шетел тілдері заманауи технологиялардың көмегімен үйретілуде. Солар сияқты аудио, видео жазбаларды, онлайн сабақтар мен семинарларды қазақ тілін үйретуге қолданса тамаша болар еді, мен сондықтан оны қос қолымды көтеріп, қолдаймын.

Әрі кеткенде бір жыл үздіксіз үйренгенде, қазақ тілін өте керемет болмаса да, бір адамдай меңгеріп шығуға болады. Ол үшін ең алдымен, алфавиттен, яғни ғ, қ, һ, ң, ө, ү, ұ, ә әріптерін дұрыс айтуды үйренуден бастау керек. Өйткені, кез-келген тіл дыбыстардан тұрады, ал, дыбыстар әріппен белгіленеді. Оларды дұрыс меңгермей, естіген сөзді сауатты жазу, сөздікті емін-еркін қолдану мүмкін емес.

Содан соң сол әріптерден тұратын сөздерді үйрене бастайды. Тіл үйренуге кірісерде міндетті түрде адам өзіне шектеулі уақыт қоюы керек. Мәселен, бәлен айда жаңадан мынша сөз үйренемін, күніне мынша сөз деген сияқты. Осы жоспарды сөзсіз қалтқысыз ұстауға тырысуы керек.

Қазақ тілін үйренемін деушілерге Абай атамыз айтқандай, «Ақырын жүріп, анық бас, еңбегің кетпес далаға» дер едім.

Ботакөз МАНКЕЙ,
Есіл аудандық тілдерді оқыту орталығының әдіскері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар