Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Биыл ақмолалық диқандар 5,2 млн гектар жерге дән себуді жоспарлап отыр - АРҚА АЖАРЫ

Биыл ақмолалық диқандар 5,2 млн гектар жерге дән себуді жоспарлап отыр

— Ақмола облысының диқандары биыл 5,2 миллион гектардан астам алқапқа дән себуді межелеп отыр. Бұл туралы брифингте облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қасым Итқұсов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басқарма басшысының айтуынша, көктемнің келуімен, диқандар үшін де ең жауапты кезең басталды. Осы орайда, көктемгі егіс науқанын тиімді уақытта жүргізіп, сапалы өнімге қол жеткізу үшін бар күшті, өндірістік және кадрлық әлеуетті жұмылдыру көзделген.

«Өткен жылы көктемгі дала жұмыстарының және орақ науқаны ұйымшылдықпен өткізіліп, заманауи технологиялардың енгізілуінің арқасында облыстың аграршылары өнімді гектарына 11,6 центнерден айналдырып рекордтық 5,3 миллион тонна өнім алғанын атап өткіміз келеді. Жыл қорытындысы бойынша облыста ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 1 млрд теңгенден асты, бұл республика бойынша ең үздік көрсеткіштердің бірі. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестицияларды тарту 97,3 млрд теңгені, тамақ өнімдерін өндіруге инвестициялар 24,5 млрд теңгені құрады. Ауыл шаруашылығы өнімінің экспорты 432,2 млн АҚШ долларына жетті. Биыл облыс диқандары 5,2 миллион гектардан астам алқапқа дән себуді межелеп отыр», — деді Қасым Итқұсов.

photo
Фото: Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Сонымен бірге, басқарма басшысы өңірде ауыл шаруашылығы техникасы көктемгі егіс науқанына 100 пайыз дайын екенін атап өтті.

«Биыл егіс науқанына 15,1 мың трактор, 16,6 мың сепкі, 1,5 мың өнімділігі жоғары егіс кешендері жұмылдырылады. Облыста ауыл шаруашылығы техникасының паркін жаңарту және қазіргі заманғы техникалармен қамтамасыз ету бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, жыл басынан бері 16,7 млрд теңгеге 366 бірлік техника сатып алынды. Осы ретте, мемлекет тарапынан шаруаларға жаңа техника сатып алуы үшін 25 пайызға инвестициялық субсидия қарастырылған», — деп түйіндеді Қасым Итқұсов.

Айта кетсек, бұдан бұрын Қосшыда 65 млн теңгенің жер учаскесі мемлекетке қайтарылғанын жазған едік.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар