Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Елімізде төрт күндік жұмыс аптасы пайда болады - АРҚА АЖАРЫ

Елімізде төрт күндік жұмыс аптасы пайда болады

– Биыл шілде айынан бастап елімізде 4 төрт күндік жұмыс аптасы іске қосылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Учет.kz ресурсына сілтеме жасап.

2023 жылғы 1 шілдеден бастап «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында қабылданған Еңбек кодексіне өзгерістер енгізіледі.

Еңбек кодексіне сәйкес бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасы, сондай-ақ толық емес жұмыс аптасы қарастырылған (ұзақтығы тараптардың келісімі бойынша анықталады).

Бұл ретте жекелеген өндірістерде әртүрлі апталарда бір мезгілде бес күндік және төрт күндік жұмыс аптасын белгілеу қажеттілігі туындайды: 71-баптың 3-тармағы жұмыс уақыты режимі мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылады:

Тараптардың келісімі бойынша еңбек шартында бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасымен кезектесу құқығымен төрт күндік жұмыс аптасын белгілеуге жол беріледі.

Осыған байланысты 78-баптың 2-тармағы үстеме жұмыстардың шекті санын 4, 5 күндік жұмыс аптасына бөледі:

Үстеме жұмыстардың жалпы ұзақтығы жұмыс уақытының жиынтық есебін белгілеу кезінде айына он екі сағаттан — төрт күндік, бес күндік және алты күндік жұмыс аптасында және жылына жүз жиырма сағаттан аспауға тиіс.

Бұған дейін қалай болды: 78-бап. Үстеме жұмыстардың шекті саны.

Үстеме жұмыстың жалпы ұзақтығы айына он екі сағаттан және жылына жүз жиырма сағаттан аспауға тиіс.

Енді не өзгереді: 78-бап. Үстеме жұмыстардың шекті саны.

Үстеме жұмыстардың жалпы ұзақтығы жұмыс уақытының жиынтық есебін белгілеу кезінде айына он екі сағаттан — төрт күндік, бес күндік және алты күндік жұмыс аптасында және жылына жүз жиырма сағаттан аспауға тиіс.

Тиісінше, 84-бапта төрт күндік жұмыс режимінде демалыс күндері белгіленеді.

Бес күндік, алты күндік немесе төрт күндік жұмыс аптасында жалпы демалыс күні жексенбі болып қала береді. Бес күндік және (немесе) төрт күндік жұмыс аптасындағы екінші немесе үшінші демалыс күні ұжымдық шартта немесе еңбек тәртібінің ережелерінде белгіленеді.

Әзірлеушілердің пікірінше, бес күндік жұмыс кестесімен жұмыс істеудің бір аптасы, төрт күндік жұмыс аптасымен екінші апта сияқты жұмыс режимін қолдануға болады. Бұл тәжірибе кеңсе қызметкерлеріне қолданылады және еңбек саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар