Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, департамент бастығы Думан Таев 20-22 сәуір аралығында Петропавл қаласында Қазақ күресі бойынша өткен “Динамо” орталық кеңесінің және ҚР ІІМ чемпионатында жеңіске жеткен тәртіп сақшыларын марапаттады.
Жарысқа еліміздің әр өңірінен 30-дан астам команда қатысты. Ақмола облысы полиция департаментінің құрама командасының сапында Нұрлан Жамалов, Әсет Жүнісов, Еламан Қайыргелдинов, Ержан Ғаббасов, Серікбай Сәпиев және Нұржан Гилмеденов сияқты танымал спортшылар болды.
Боз кілемге шыққан ақмолалық палуандар үздік нәтиже көрсетіп, алғаш рет ҚР ІІМ чемпионы атағына ие болды.
Сонымен бірге, 21 сәуірде Павлодар қаласында “Алтын Мерген 2023” снайпингінен жарыс өтті. Онда да ақмолалық тәртіп сақшылары Елжас Мәдібаев пен Виталий Ғизатуллин жартылай автоматтан оқ атуда екінші және үшінші орындарды иеленді.
Ақмола облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Думан Таев спорттық жарыстарда жеңіс тұғырынан көрінген әріптестерін құттықтап, жаңа спорттық жетістіктер тіледі.