Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жылдық инфляция екінші ай қатарынан баяулап келеді - АРҚА АЖАРЫ

Жылдық инфляция екінші ай қатарынан баяулап келеді

Сәуірде тұтыну бағаларының индексі айлық мәнде 0,9% құрады, тиісінше көрсеткіш наурыз деңгейінде сақталды. Индекс құрылымында азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы 1,3%-ға, азық-түлік тауарлары – 0,9%-ға, ақылы қызметтер – 0,4%-ға өсті.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде сәуірде бағаның ең жоғары өсімі дизель отынына – 16,1%, бензинге – 9,7% болды. Наурыз айымен салыстырғанда жуу және тазалау құралдары 1,4%, жеке гигиена құралдары 1,1%, ыдыс-аяқ 1%, тұрмыстық техника 0,9% өсті.

Азық-түлік тауарлары арасында жеміс пен көкөніс бағасы едәуір өскен, сәуірде қырыққабат 4,7%, қызанақ 4,1%, жүзім 3%, алма 2,6%, алмұрт 2,4% қымбаттаған. Бағаның өсуі күрішке – 2,7%, салқындатылған сусындарға – 2,5%, рожкилерге, ультрапастерленген сүтке – әрқайсысы 2,4%-дан, салқындатылған балыққа – 2,2%, пастерленген сүт, макарон өнімдеріне – әрқайсысы 2,1%-дан байқалды. Бұл ретте қияр – 11,4%, қарақұмық жармасы – 3,7%, күнбағыс майы 2,6%-ға арзандады.

Қызмет көрсету бойынша бағалардың өсуі жолаушылар әуе көлігінде байқалды, бір айдың ішінде ұшу қызметі 17,7% қымбаттады. Бағаның жоғарылауы шаштараз бен сұлулық салондарында – 1,5%, жерлеуге байланысты салт-жора жасау қызметтерінде – 1% тіркелді. Санаторий қызметтері – 1,1%, денсаулық сақтау қызметтері 0,9% қымбаттаған.

Өңірлер арасында ең жоғары айлық инфляция Абай және Ұлытау облыстарында – әрқайсысында 1,4%-дан (орташа республикалық деңгейден 0,5 п.т. жоғары), ең төменгі Астана қаласында тіркелді – 0,5%.

Өңірлер бойынша азық-түлік тауарлары бағасының ең жоғары өсімі Батыс Қазақстан облысында – 1,8%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар бойынша Алматы облысында – 3%, ақылы қызметтерде Түркістан облысында – 2,3%.

1.PNG

Жылдық мәнде инфляция деңгейі қатарынан екінші ай баялауп келеді: 2023 жылғы сәуірде – 16,8%, 2023 ж. наурызда – 18,1%, 2023 ж. ақпанда – 21,3%. Жылдық мәнде азық-түлік тауарларының бағасы 17,9%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 18,2%, ақылы қызметтер 13,7% өсті.

2022 жылғы сәуірмен салыстырғанда кеңсе тауарлары – 68,5%, кір сабын – 59,3%, шақпақ қант – 51,7%, ыдысты жууға арналған құралдар – 51,6%, қиярлар – 50,9%, балалар сабыны – 49,6%, күріш – 43,9%, кір жуу ұнтағы – 43%, дәретхана қағазы 42,7%-ға қымбаттады. Жылдық мәнде, керісінше, қырыққабат – 53,4%, сәбіз 19,2% арзандады.

«Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткіші ай сайын есептеледі. Тұтыну бағаларының индексін есептеу кезінде пайдаланылатын тауарлар мен қызметтер себеті 508 тауар мен қызметтен тұрады, мұнда 160 – азық-түлік тауарлары, 243 – азық-түлікке жатпайтын тауарлар және 105 – ақылы қызметтер. Бағаларды тіркеу барлық облыс орталығында, астанада және қалалар мен аудан орталықтарында әртүрлі меншік нысанындағы сауда және қызмет көрсету кәсіпорындарының іріктемелі желісі бойынша жүргізіледі», – деп түсіндіреді Бюроның баға статистикасы департаментінің директоры Қуанышбек Жақыпбекұлы.

*2023 жылғы қаңтардан бастап, тұтыну бағаларының индексін есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі – 41,8%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 29,6%, ақылы қызметтер 28,6% құрады.

Дереккөз: new.stat.gov.kz

Фото: news.myseldon.com

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар