Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Интернет-алаяқтық белең алып отыр - прокуратура - АРҚА АЖАРЫ

Интернет-алаяқтық белең алып отыр — прокуратура

Екі жылдан астам уақыт бойы интернет — алаяқтық мәселесі, сондай-ақ қаржы пирамидаларының қызметі біздің еліміз үшін өзекті болып отыр.

Жүздеген азаматтар алаяқтардың құрбаны болады. Облыс прокуратурасы профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша белсенді шаралар қабылдау үстінде.

Әлеуметтік желілерде жарияланған, сондай-ақ ватсап-топтарда таратылатын ең көп жасалатын интернет-алаяқтықтар мен қаржы пирамидалары бойынша жадынамалар әзірленді.

Полиция Департаментімен, сондай — ақ облыс әкімдігімен бірлесіп облыс аумағында билбордтар әзірленіп, орнатылды.

Сонымен бірге, «фишинг» сияқты алаяқтықтың бұл түрі қарқын алуда, атап айтқанда, шабуылдаушылар ұялы телефонмен сөйлесу арқылы банк қызметкерінің рөлін ойнап, әртүрлі сылтаулармен құпия ақпаратты біліп, алдайды немесе карточкалық шотпен іс — әрекеттер жасауға ынталандырады.

«ОЛХ», «Крыша», «Колеса» электрондық алаңдарында тауарды сату және сатып алу туралы жалған хабарландырулар да алаяқтықтың өзекті түрі болып қала береді.

Мысалы, біздің облыстың тұрғыны теледидарды сату туралы хабарландыру жариялап, «ойдан шығарылған сатып алушымен» әңгімелесу барысында сатып алушы тастаған тауарды пошта арқылы жеткізу туралы сілтеме бойынша өтіп, өзінің банктік картасының деректемелерін толтырды.

Әңгімеден кейін оның банктік картасынан барлық ақша қаражаттары алынып тасталғанын, сондай-ақ ақшалай несие рәсімделгенін білді.

Сондай-ақ, жалған тауарлар туралы хабарландырулар бар, онда бастапқыда алаяқтар жақсы жағдайдағы сапалы тауардың төмен бағасын пайдаланып, сатып алушылардың назар аудару мақсатында қызығушылық тудыртады.

Осындай деректердің жолын кесу мақсатында, облыс прокуратурасы кредиттерді рәсімдеу және үлкен ақша сомаларын алу немесе аудару кезінде банктік шоттарды қорғау деңгейін арттыру мақсатында, екінші деңгейдегі банктердің өкілдерімен жұмыс кездесулерін өткізді.

Сондай-ақ, қаржы нарығын дамыту және қалыптастыру агенттігі, Бас прокуратура және ішкі істер Министрлігі арасында аталған санаттағы істер бойынша өзара іс-қимыл туралы үшжақты шарт жасалды.

Прокуратура органдары құқық қорғау және атқарушы органдарға алаяқтардың заңсыз әрекеттеріне қарсы азаматтарды қорғау деңгейін арттыруға бағытталған.

Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар