– 2023 жылдың басында халық саны 19 766 мың адамды құраса, оның 9 647 мыңы – ер адамдар. ҚазАқпарат бұл туралы Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап хабарлайды.
Ер балалар саны:
— 0-14 жас аралығындағы – 3 млн,
— 15-62 жас аралығындағы– 5 876 мың,
— 63 жастан жоғарылар – 767 мың.
Ерлер саны көп өңір:Түркістан облысы – 1 079 мың адам.
Ерлер саны аз өңір: Ұлытау облысы – 108 мың.
Еңбек ететін салалары:
— өнеркәсіп– 16,8%,
— көтерме және бөлшек сауда, автожөндеу – 14%,
— ауыл, орман және балық шаруашылығы, т.б. – 14%.
Күтілетін өмір сүру ұзақтығы – 70,2 жыл. Орташа жасы – 30,5 жас. Некеге тұрған ерлердің орташа жасы – 28 жас.