Целиноград ауданы Ақмол ауылында американдық футболдан матч өтті.
Спорттық шараға Целиноград ауданының әкімі Бахыдбек Оспанбеков, танымал қазақстандық спортшы, қазақ балуандарының дәстүрін жалғастырушы Сергей Цырульников, Казспорт телеарнасының редакторы Динара Ақылжанова, «Виста» спорт клубының басшысы Руслан Кенетаев, Астана қаласы Американдық Футбол Федерациясының басшысы Андрей Кравченко, ҚР Американдық Футбол Федерациясының президенті Эльдар Махмутов қатысты.
Орталық стадион алаңында астаналық ASTANA NOMAD және ASTANA WOLVES командалары кездесті.
ASTANA WOLVES 42-14 есебімен жеңіске жетті. Матчтар арасында аудандық мәдениет үйінің әртістері орындайтын концерттік бағдарламалар, мотокросс шебері Дмитрий Гавриленконың жетекшілігімен моторшоу, Сергей Цырульниковтың қатысуымен күштік конкурстар өтті.
Дереккөз: www.gov.kz