Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақстанның машина жасау саласында 36 ірі жоба іске қосылады - АРҚА АЖАРЫ

Қазақстанның машина жасау саласында 36 ірі жоба іске қосылады

– Отандық машина жасау саласында 3,8 мың кәсіпорын жұмыс істейді, 116 мың адам жұмыспен қамтылған. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Ілияс Оспанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстандық машина жасау ісі өз дамуын жалғастыруда. Бұл салада 3,8 мың кәсіпорын жұмыс істейді, 116 мың адам жұмыспен қамтылған. 2022 жылы өнім шығару көлемі 3,1 трлн теңгеге жетіп, 2021 жылмен салыстырғанда 31,5% өсім көрсетті. Бұған 2022 жылы құны 230 млрд теңгеден асатын 25 инвестициялық жобаның іске қосылуы ықпал етті. Олардың маңыздылары – «Everest Techno» ЖШС сорғы штангалары мен муфталарын өндіру зауыты, «ПетролВалвз Қазақстан» ЖШС бекіту арматурасын өндіру зауыты, «ПСМ Қазақстан» ЖШС бұрандалы сорғылар мен жетектерді өндіру зауыты (1-кезең), «Ханиуэль-АСУ» ЖШС басқару шкафтары мен газ детекторларын өндіруді оқшаулау және басқалары бар», – деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде.

Спикердің айтуынша, биылғы үш айдың қорытындысы бойынша бұл сала өнеркәсіпте көшбасшы болып отыр – өндіріс 36%-ға өсті, көлемі 829 млрд теңгені құрады.

«Бұдан басқа, 2023 жылы бұл салада құны шамамен 230 млрд теңге болатын 36 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Ең ірі жобалар: «KamLitKZ» ЖШС жүк автомобильдеріне арналған компоненттерді шойын құю зауыты, «Manufacturing-United Energy Qazaqstan» ЖШС Жел энергетикалық қондырғыларына арналған мұнаралар өндіру зауыты, «Silk Road Electronics» ЖШС Тұрмыстық техника шығару зауыты, «Bolashak Electric» ЖШС жабық жоғары вольтты вакуумдық автоматты ажыратқыштар өндірісі, «Қазақстандық мұнай жабдығы зауыты» ЖШС мобильді бұрғылау қондырғыларын өндіру және басқалар», – деп толықтырды ол.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар