Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Кәсіпкерлердің құқын қорғау – басты назарда - АРҚА АЖАРЫ

Кәсіпкерлердің құқын қорғау – басты назарда

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Арман Рахимов «Бизнеске жол» жобасын іске асыру жөнінде брифинг өткізді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев басым міндеттердің бірі іскер азаматтарымыздың кәсіпкерлік қырына нұқсан келтіретін барлық жасанды кедергілер мен шектеулерді жою болып табылатынын атап өтті.

−Бүгінгі таңда осы талапқа сәйкес, бизнес субъектілерінің құқықтарын қорғау сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тұрақты бақылауында. Біз кәсіпкерлердің құқықтарын ведомствоның өзі де, басқа да мемлекеттік құрылымдардың заңсыз араласуынан қорғау тетіктерін күшейттік. Осы жылдың басынан бастап «Бизнеске жол»жобасын бастадық. Оның негізгі мақсаты бизнес субъектілеріне әкімшілік кедергілер мен қағазбастылықты жеңуге көмектесу болып табылады. Кәсіпкерлердің мәселелерін бірлесіп және келісе шешу үшін өңірлік мобильді топ құрылды. Оған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің қызметкерлері, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, мемлекеттік органдар, қоғамдық кеңес өкілдері кірді. Осы уақыт аралығында біз 25-ке жуық диалог алаңын ұйымдастырдық. Оған 400-ден астам шағын және орта бизнес өкілдері қатысты. Мұндай кездесулер өңірлік палата алаңында, сондай-ақ, Антикор-орталықта және кәсіпкерлердің өз жұмыс орындарында өтеді, −деді Арман Рахимов.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында жүк тасымалдаумен айналысатын кәсіпкерлер «Атамекен» жанындағы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік кеңестің отырысында өлшеу аспаптарының дұрыс жұмыс істемеуіне наразылықтарын білдірген еді. Оған Көкшетау маңында арнайы өлшеу құралдарының салмақ параметрлерінен асып кету фактілері тіркелгені түрткі болды.

−Тасымалдаушылар жүйенің дұрыс жұмыс істемейтінін атап өтті. Біз көлік прокуратурасымен, «Атамекен» палатасы, көліктік бақылау инспекциясымен бірлесіп, өлшеу құралдарының техникалық сипаттамаларын және құжаттаманы зерделедік. Оның барысында кәсіпкерлердің дәлелдері расталды, шын мәнінде аталған кезеңде жүйе дұрыс істемеді. «ҚазАвтоЖол» мұнымен келісті. Осылайша біз ортақ күш-жігермен бизнес субъектілерін сот шайқастарына тартудың алдын алдық және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жойдық, −деді одан әрі басшы.

Бүгінгі таңда 300-ден астам кәсіпкерге әртүрлі әкімшілік кедергілерді еңсеру үшін қолдау көрсетілді. Құрылыс, денсаулық сақтау, білім беру, жер қатынастары, сондай-ақ, логистика сияқты көптеген әлеуметтік маңызды салалар қамтылды. Арман Рахимовтың айтуынша, мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында Жарқайың және Сандықтау аудандарының ауруханаларында 3 миллион теңгеден астам сомаға дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар жеткізілді. Алайда, ауруханалар ұзақ уақыт бойы берешекті төлемеген. Осыған байланысты кәсіпорын өз жұмысшыларының жалақысы мен салық төлеуде қиындықтарға тап болды. «Атамекен» алаңында отырыс өткізіліп, содан кейін медициналық мекемелер кәсіпкерге дәрі-дәрмек жеткізгені үшін қарызын төледі. Бүгіндекәсіпкерлер құрылыс саласында бюрократиялық кедергілерге тап болуда. Сондай-ақ, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласы да бизнес үшін әкімшілік кедергілер құрудан шет қалған жоқ.

−Атап айтқанда, біз бизнеске тек алдын алу шараларымен ғана емес, сонымен қатар, шенеуніктер кәсіпкерлік істеріне заңсыз араласатын фактілердің жолын кесумен де көмектесеміз. Мұндай әрекеттер жазасыз қалмайды. Бизнесқоғамдастықты мұндайда қорықпауға, толғандыратын мәселелерді ашық талқылауға және шенеуніктер тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністері мен әкімшілік кедергілер туралы хабарлауға шақырамын. Қазіргі уақытта агенттіктің тәулік бойғы колл-орталығы -1424 және Facebook желісі арқылы да міндетті түрде хабарласып, көмек алуға болады,− деп өз сөзін қорытындылады Арман Рахимов.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар