Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Кәсіпкерлерді әлеуметтік кәсіпкерлік  субъектілерінің тізіліміне енгізу бойынша өтініштерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру - АРҚА АЖАРЫ

Кәсіпкерлерді әлеуметтік кәсіпкерлік  субъектілерінің тізіліміне енгізу бойынша өтініштерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру

 

Ұйымдастырушы: «Ақмола облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы» ММ
Орналасқан жері: Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі,  96, 404-бөлме
Байланыс телефоны: 87162-24-00-15, 87162-24-00-13.
Өтінімдерді қабылдау нысанасы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы №773 Қаулысы шеңберінде әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне өз қызметін әлеуметтік кәсіпкерлік саласында жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) енгізіледі.
Өтінімдерді беру орны: Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 96, 404-бөлме
Құжаттамаларды ұсыну мерзімі:  

2023 жылдың 1 маусымнан  бастап 2023 жылдың 15 маусымына дейін

Өтінімдерді берудің басталу күні мен уақыты: 2023 жылдың 1 маусымнан бастап
Өтінімдерді берудің аяқталу күні мен уақыты: 2023 жылдың 15 маусымына дейін

 

Көрсетілген мерзім өткеннен кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайтынын ескертеміз.

Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы №773 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – қағидалар) сәйкес өз қызметін әлеуметтік кәсіпкерлік саласында жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) енгізіледі.

Әлеуметтік кәсіпкерлік тізіліміне келесі санатқа жататын кәсіпкерлер енгізуге үміткер бола алады:

1 санат – халықтың әлеуметтік осал топтарын жұмыспен қамтуға ықпал ететін әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері;

– мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-аналар,

– зейнеткерлер және зейнеткерлік жасқа дейінгі азаматтар

– балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған интернаттардың тәрбиеленушілері (29 жасқа дейін)

– аз қамтылған, көп балалы, толық емес отбасыларға жататын ата-аналар

– ҚАЖ мекемелерінен босатылған,

– белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар,

– наркологиялық науқастарды медициналық-әлеуметтік оңалтудан өткен адамдар.

2 санат – бірінші санаттағы халықтың әлеуметтік осал топтарының тауарларын сатуға, жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге ықпал ететін әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері;

3 санат – тауарларды өндіру, жұмыстарды орындау, бірінші санаттағы халықтың әлеуметтік осал топтарына қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері;

– әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер;

– азаматтарды күту, сауықтыру, денсаулық жағдайын бақылау бойынша әлеуметтік-медициналық қызметтер;

– әлеуметтік ортаға бейімделу үшін психологиялық жағдайды түзету бойынша әлеуметтік-медициналық қызметтер;

– мінез-құлықтағы ауытқулардың алдын алу бойынша әлеуметтік-медициналық қызметтер;

– жұмысқа орналасуға және еңбекке бейімделуге жәрдемдесу жөніндегі қызметтер;

– коммуникацияны арттыру, оңалту, әлеуметтік бейімдеу қызметтері, әлеуметтік сүйемелдеу бойынша қызметтер;

– медициналық техниканы, протездерді, ортопедиялық құралдарды өндіру, аурулардың алдын алу, мүгедектерді оңалту үшін ғана пайдаланылатын денсаулық сақтау саласындағы БҚ әзірлеу

– мүгедектер мен зейнеткерлердің демалысы мен сауығуын ұйымдастыру

– қосымша білім берудің білім беру бағдарламалары

– мүгедектер мен халықтың мобильділігі төмен топтары үшін инфрақұрылым объектілеріне жағдай жасау және оларға қол жеткізу

4 санат – келесі қызмет түрлерінде жұмысты жүзеге асыратын Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері:

– отбасын нығайтуға, ана мен баланы қолдауға бағытталған психологиялық-педагогикалық және өзге де қызметтер;

– Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің, ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыру;

– мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау, бал. және әлеуметтік. оқуда, дамытуда және әлеуметтік бейімделуде қиындықтарға тап болған адамдарға көмектесу;

– әлеуметтік оқыту. біліктілігін арттыруға бағытталған әлеуметтік КЕҰ қызметкерлері мен еріктілері;

– мәдени-ағарту қызметі (Жеке мұражайлар, театрлар, кітапханалар, мұрағаттар, мектеп-студиялар, шығармашылық шеберханалар, ботаникалық және зоологиялық бақтар, мәдениет және халық шығармашылығы үйлері)

– қоршаған ортаны қорғау;

– халықтың әлеуметтік осал топтарына гериатриялық және геронтологиялық көмек көрсету, денсаулық орталықтарын, СӨС бойынша іс-шараларды ұйымдастыру жөніндегі қызмет.

Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 96, 411-бөлме (кеңсе) мекенжайы бойынша қабылданады.

Кәсіпкер құжаттар топтамасын толық ұсынбаған не анық емес деректерді немесе қағидалардың талаптарында белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттарды ұсынған жағдайда ұйымдастырушы ұсынылған құжаттарды кәсіпкерге қайтарады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар