2023 жылы техникалық лицей, әл-Фараби атындағы ІТ-лицей, №5 көппрофильді «Таңдау» гимназия және Мәлік Ғабдуллин атындағы №3 көпсалалы гимназиясыКөкшетау қалалық білім бөлімінің бастамасымен «Серіктес мектептер» жобасы бойыншамеморандумға қол қойды.
«Серіктес мектептер» жобасының негізгі мақсаты –оқушыларға патриоттық құндылықтарды, ұлттық бірегейлікті және белсенді азаматтық ұстанымды көрсететін көпмәдениетті тұлғаны тәрбиелеу;оқушылардың жобалық, ғылыми-зерттеу және әлеуметтік қызметін дамыту;серіктес мектептердің оқу процесін басқару, оқыту және ұйымдастыру тәжірибесін зерделеу.
Серіктес мектептер жұмысы мектеп басшылары мен директордың орынбасарларыныңкездесуінен басталды, әр мектепжұмысты жетілдіру мақсатында қай тұстарымызбен бөлісе алатындығын алдын ала ойластырып, ұсыныстар жасай бастады.Аталған әр мектептің өзінің үлкен тарихы бар, бөлісер тәжірибесімен жетістіктері де жетерлік.
Серіктестік мектептер жобасында жұмысты ұйымдастыруда жүйе мен жауапкершілік болуы шарт. Себебі, төрт мектептің бірлескен жоспарын құру, зерттеп, зерделеу үшін төрт мектеп бір мектептей жұмыс жасауы қажет.
Мектеп директорларының орынбасарлары бірлесе отырып,жобаны іске асыратын топтар құрамын бекітті, бір мектеп мұғалімдерінің басқа мектепке барып сабақ беруі,бірлескенжұмыс жоспарын құрастыру жоспарланды.
Жоспар бойынша ақпан мен наурыз айларына көптеген іс-шара белгіленді, соның ішінде сабақ өткізу, сабақтан тыс іс-шаралар, семинарлар, байқаулар, олимпиадалар мен топ мүшелерінің кездесуі бар. Атап өтер болсақ,жас мамандармен қатар тәжірибелі ұстаздар өзге мектепте сабақ өткізді. Сабақ барысында заманауи педагогикалық технологиялар қолданып, тәжірибе бөлісті. Мектеп арасында қарым-қатынастар нығайып, бір сабақтың жоспарын жұптасып, жоспарлады, сабақтан соң зерттеп, зерделеді.
Техникалық лицейініңматематика пәні мұғалімдері «Эрудит» олимпиадасын өткізсе, серіктес мектептердің орыс тілі мұғалімдері 7-8 сынып оқушыларына арнап«Созвездие творцов»,«Пушкинские чтения»байқауларын,ағылшын тілі мұғалімдері 9-11 сынып оқушыларына «Spelling Bee», «Marvel», «Brain ring» байқауларын ұйымдастырды.
Интеллектуалдық байқаулармен қатар, тәрбиелік іс-шараларда ұйымдастырылды. Әл-Фараби атындағы IT лицейі мен №3 М.Ғабдуллин атындағы көпсалалы гимназиясы бірлесіп, «Бір әннің тарихы» жобасы бойынша іс-шара өткізді, №5 «Таңдау» көпсалалы гимназиясы Қозы Көрпеш – Баян сұлу күніне арнап, «Бәрі махаббаттан басталады» кешін ұйымдастырды.
Жоспарланған барлық іс-шаралар жоғары деңгейде өтті. Қорытындылай келе, «Серіктес мектептер» жобасы тәрбие мен білімнің ұштасуына зор ықпалын тигізіп, мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік туғызатын әдістемелік алаң қалыптасты деп айтуға болады.
Марал ШАМЕНОВА,
Көкшетау қаласындағы техникалық лицей
директорының бейінді оқыту жөніндегі орынбасары.