Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қатерлі ісік аурулары мәселелеріне арналды - АРҚА АЖАРЫ

Қатерлі ісік аурулары мәселелеріне арналды

Көкшетауда ақмолалық дәрігерлер үшін онкологиялық аурулардан сақтану және қатерлі ісікті ерте диагностикалау мәселелері бойынша оқыту семинары өтті. Іс-шара өңірдегі онкологиялық қызметті дамытудың Жол картасы жоспары аясында ұйымдастырылды.

Алматы қаласының Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының, сондай-ақ,  Астана қаласының ұлттық медициналық білім беру орталығының жоғары білікті мамандары жергілікті дәрігерлер үшін оқыту курсынөткізді. Тренингке онкологиялық сақтық қағидаттары, қатерлі ісіктің алғашқы белгілерінің клиникалық көрінісі, алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде қатерлі ісікке күдікті пациенттерді тексеру алгоритмдері, скрининг, диспансерлеу әдістемесі, ісікке дейінгі және қатерлі ісікке шалдыққан науқастарды динамикалық бақылау бойынша дәрістер, семинарлар мен практикалық сабақтар кірді. Көрнекі локализацияны тексерудің практикалық дағдыларын дамытуға көп көңіл бөлінді. Жергілікті дәрігерлерді PhD доктор, Нагасак медициналық университетінің профессоры Ғабит Әліповтың оқу сабақтары ерекше таң қалдырды.

Оқыту семинарының жұмысына онколог дәрігерлер, КТ-диагностика дәрігерлері, УДЗ дәрігерлері, паллиативтік бөлімше мамандары, цитолог дәрігерлер, ЖПД дәрігерлері, учаскелік терапевтер, онкологиялық кабинеттердің, онкологиялық емханалардың профилактикалық бөлімшелерінің және облыстың көпсалалы стационарлары мен аудандық ауруханаларының медбикелері, облыстағы тапшы мамандар–фтизиатрлар, хирургтар, гинекологтар, невропатологтар, гастроэнтерологтар, пульмонологтар, бас дәрігерлердің емдеу жөніндегі орынбасарлары, рентгенологтар, қалалық және аудандық клиникалық-диагностикалық зертханалардың рентген зертханашылары қатысты.

Біздің облысымыз үшін бұл семинарды өткізу өзекті әрі маңызды, өйткені, қатерлі ісіктің барлық жағдайлары арасында назардан тыс қалған тұстары кездесіп жатады. Үш күндік семинар соңында қатысушыларға арнайы сертификат табысталды. Айта кеткен жөн, бұл сияқтыоқыту семинары елімізде тұңғыш рет өтті.

Камила ӘБДЕЛМАНОВА,
Ақмола облыстық денсаулық сақтау  басқармасының баспасөз хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар