Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысында бірнеше ауылдың атауы қазақшаланады - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысында бірнеше ауылдың атауы қазақшаланады

– Ақмола облысындағы бір ауылдық округ пен 2 елді мекеннің атауы өзгеруі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ашық НҚА порталында жарияланған өңір әкімдігінің қаулысы мен маслихаттың бірлескен шешім-құжатында көрсетілгендей, енді Ақмола облысында мына елді мекендерге қазақша атау берілмек:

— Атбасар ауданы Мариновка ауылдық округі Амантай ауылдық округі болып өзгереді;

— Атбасар ауданы Мариновка ауылдық округінің Мариновка ауылы Амантай ауылы болып өзгереді;

— Атбасар ауданы Сергеевка ауылдық округінің Самарка ауылы Бөріктал ауылы болып өзгереді.

Әкімдік пен маслихаттың бірлескен шешімі 1 маусымға дейін көпшілік талқылауда болады.

Бұрын хабарлағанымыздай, биыл Ақмола облысында 60 елді мекеннің ескі атауы қайтарылады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар