ZOOM платформасы арқылы бейнебайланыс режимінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Әлеуметтік даму және ғылым комитеті мүшелерінің облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалалары мәслихаттарының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияларының төрағаларымен кездесуі өтті.
Кездесуге сондай-ақ, бірқатар орталық мемлекеттік органдардың – Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің басшылары шақырылды. Қатысушылар Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам»атты ел халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде білім беру және еңбек салаларын дамыту мәселелерін талқылады.
Ақмола облыстық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Айнагүл Балташева біздің өңірдегі Жолдауды іске асыру шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы сөз сөйлеп, бірқатар ұсыныстар айтты. Кездесуге қатысушылар көптеген өзекті тақырыптарды көтерді, бейінді министрліктердің өкілдерімен мазмұнды диалог өтті.
Айнагүл Қыдырбайқызы сенаторлармен алғашқы кездесу іскерлік негізде өткенін, Сенат пен мәслихат депутаттарының өзара іс-қимыл нүктелері белгіленгенін атап өтті. Әрине, бұл биліктің заң шығарушы тармағының жергілікті өкілетті органдармен арадағы жұмысына серпін береді және қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсарту ісіне игі ықпалын тигізеді деп сенім білдіруге болады.
Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.