Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Медициналық сақтандыру қорының жұмысын Жоғары аудиторлық палата қадағалайды - АРҚА АЖАРЫ

Медициналық сақтандыру қорының жұмысын Жоғары аудиторлық палата қадағалайды

– Жоғары аудиторлық палата медициналық сақтандыру қорының қызметіне аудит жүргізетін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде мәлім етті.

«Жоғары аудиторлық палатамен бірлесіп аудит жүргізу арқылы қор бөлімшелерінің қызметіне бақылауды күшейту жоспарлануда.

Келетін шетелдіктер мен олардың отбасы мүшелерін ерікті медициналық сақтандырумен қамту жөнінде заңнамалық шешімдер қабылданды», — деді ол.

Министрдің орынбасары МӘМС аясында көрсетілетін медициналық қызметтердің тарифтері кезең-кезеңмен қайта қаралатынынң айтты.

«Медициналық сақтандырудың қазақстандық моделі әлемнің басқа дамыған елдері сияқты үш негізгі қағидаға негізделген. Бұл: әмбебаптық, әлеуметтік әділеттілік және ынтымақтастық. Осы үш қағидаттың қолданылуы азаматтарға табысына, тұрғылықты жеріне және әлеуметітк мәртебесіне қарамастан денсаулық сақтаудың тең құқықтарын береді», — деді вице-министр.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар