Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың құттықтауы - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың құттықтауы

 Құрметті мәдениет және өнер саласының қызметкерлері!

 Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Ата-бабаларымыздың мәдени мұрасы – жалпыұлттық қазына. Бұл қазына әрдайым қуатты, шығармашылық нәрге ие әрі қоғамның дамуына, желкілдеп өсіп келе жатқан жас ұрпақты тәрбиелеуге мықты негіз болады. Мәдени құндылықтар біздің өміріміздің маңызды аспектілерінің бірі әрі әрдайым рухани байлығымызды молайтатын нәр болып қала береді.

«Қоғамды  топтастыру, ұлттық бірегейлікті нығайту мәселелерінде елдің тарихи мұрасы мен мәдени әлеуетін тиімді пайдалануға үлкен рөл беріледі. Бұл тұрғыда Қазақстанның мүмкіндіктері кең, оның ішінде халықаралық аренада тиімді жайғастыру мүмкіндіктері де бар» деп атап өткен болатын ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдаған Жолдауында.

Облысымызда мәдениет саласын дамытуға мейлінше көп көңіл бөлінуде. Соңғы үш жыл ішінде 78 нысанды жөндедік. Бұл жұмысқа бюджеттен 4,8 миллиард теңге қаражат бөлінді. Үстіміздегі жылы 5 миллиард теңге бағытталмақ. Бұл қаржыға 8 мәдениет нысанын салу жоспарлануда. Тағы бір нысан жаңғыртылып, 16 нысан күрделі жөндеуден өткізіледі. Осындай қамқорлықтың арқасында ауылдағы мәдени ошақтары қайтадан ашылуда. Ал, олардың көпшілігі бірнеше жылдар бойы жұмыс істемей тұрған болатын. Бұл қамқорлық жерлестеріміздің шығармашылық дамуы бағытында жаңа мүмкіндіктер тудырып отыр.

Ізгі қадам игілікті жұмысты өрістетеді. Облыс тұрғындарын дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарымен көркейтеді, тарихты терең білуге септігін тигізеді. Осының барлығы Отанға деген сүйіспеншілікті арттырады.

Вокалистер мен хореографтарға, дирижерлер мен музыка жетекшілеріне, театр саңлақтары мен кітапханашыларға, суретшілер мен сәндік-қолданбалы өнер шеберлеріне, осы бір бірегей шығармашылық мамандықты таңдаған адамдарға шын жүректен алғысымды айтқым келеді.

Құрметті шығармашылық қоғамдастықтың өкілдері!

Сіздер ұлттың адамгершілік бағыт-бағдарын қалыптастырып, рухани мұраны молайтуға ықпал етудесіздер. Кәсіби мереке күні баршаңызға зор денсаулық, бейбітшілік пен жақсылық, сарқылмас шығармашылық идеялар тілеймін. Өз мамандықтарыңызға деген адал көңіл, мол жігер, қажыр мен қайраттарыңыз еліміздің өркендеуіне қалтқысыз қызмет етсін.

*** 

21 мамырда Қазақстанның мәдениет және өнер өкілдері кәсіби мерекелерін атап өтеді.

Театр қайраткерлері, жазушылар, музыканттар, суретшілер, концерттік ұйымдар, көркемөнерпаздар, музейлер, кітапханалар, клубтар, мәдениет сарайлары мен үйлері, көрме кешендері, сурет галереялары ұжымдары… Бұл біздің өмірімізді жарқын, мерекелі ететін, көңіл-күйімізді көтеретін, күнделікті сұлулықты тамашалатып, қуаныш сыйлайтын барлық адамдардың мерекесі.

Қазақстан азаматтарының мәдени-тарихи құндылықтарын, патриотизмін, жалпы мәдени дамуын қалыптастыруда, дамытуда және сақтауда осы сала өкілдерінің рөлі баға жетпес. Мәдениет және өнер өкілдерінің арқасында азаматтардың рухани қажеттіліктері, сондай-ақ, демалу құқығын жүзеге асыру мүмкіндіктері кеңеюде.

Бүгінгі таңда Ақмола облысында ең жарқын және ерекше таланттарды қолдау, өңірдің әрбір тұрғынының шығармашылық қызметін дамыту үшін барлық жағдайлар жасалып жатқанын атап өту қуантарлық жайт.  Жыл сайын саланы қаржыландыру ұлғайып, мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасы нығайтылады. Жас таланттарды, мәдениет саласының ардагерлерін қолдауға ерекше көңіл бөлінеді.

Құрметті мәдениет және өнер ардагерлері мен қызметкерлері!

Ақмола облысының депутаттық корпусының атынан сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! Сіздерге және сіздердің отбасыларыңызға зор денсаулық, амандық, мол табыс, сарқылмас шығармашылық шабыт және жаңа биіктер тілеймін!

Бейбіт Жүсіпов,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар