Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
22 мамырда Қазақстанда конструктор көліктерді заңдастыру басталады - АРҚА АЖАРЫ

22 мамырда Қазақстанда конструктор көліктерді заңдастыру басталады

– Елімізде автоконструкторларды заңдастыруға рұқсат берілді. Көліктерді тіркеу процедуралары 22 мамырда басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

Көлікті тіркеу алгоритмі

1-қадам: Онлайн өтінім беру және оны электронды тіркеу (автоконструкторлардың барлық иелеріне бас тартылғаны жөнінде автоматты түрде хабарлама жіберілетін болады. Онда мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы Процессинг орталығының қызметкеріне құжаттарды ұсыну қажеттігі жазылады).

2-қадам: Процессинг орталығының қызметкері көлік құжаттарының дұрыстығын қолмен тексереді және көлік құралы «автоконструктор» критерийіне сәйкес келген жағдайда көлікті электрондық мақұлдау парағына енгізеді.

3-қадам: Өтініш беруші қайтадан онлайн өтінім береді және электронды мақұлдау парағы бойынша алдын ала тексеруден өте бастайды. Өтініш беруші сарапшы-криминалистің тексерісінен өту үшін көлігімен бірге қарау пунктіне жіберіледі.

4-қадам: Сарапшы-криминалистің тексерісінен сәтті өткеннен кейін өтініш беруші ХҚКО-ға барлық қажетті құжаттарды, оның ішінде диагностикалық картаны ұсынады және 200 000 теңге мөлшерінде мемлекеттік баж төлейді.

Еске салайық, заңдастыру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар