Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қайғылы оқиғадан сабақ алу – баршамызға ортақ міндет - АРҚА АЖАРЫ

Қайғылы оқиғадан сабақ алу – баршамызға ортақ міндет

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен өткізілген кеңейтілген отырыстаАқмола облысының аумағындаорман және дала өрттерінің алдын алу және оларды дер кезінде сөндіру мәселесі қаралып, талқыланды. Кеңейтілген отырысқа облыс әкімінің орынбасарлары, қала мен аудан әкімдері, облыстық департаменттер мен басқармалардың басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

 Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ЖарлығыменАбай облысында болған алапат өртке байланысты12 маусым  – Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.  Иә, апат айтып келмейтіні анық.  Күні кеше Семей өңірінде болған алапат апат барша қазақ елін есеңгіретіп тастағаны мәлім. Қазіргі таңда тілсіз жаумен күреске мыңдаған адам, жүздеген техника жұмылдырылып жатыр.Орман алқаптарын алау құшқан сәтте тілсіз жаумен күресте ажал құшқан 14 орманшының жарқын есімін ел ұмытпайтыны анық жайт. Абай облысында орын алған орман өрті халықтың, жалпы жауапты саланың табиғи апатқа қарсы тұруға дайындықтары аз екендіктерін аңғартқандай. Өрт – табиғи апат. Қалай дегенмен де, табиғи апат екен деп қол қусырып қарап отыруға болмайтыны да және анық.

Күн тәртібіндегі қаралған өзекті мәселе бойынша алдымен Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Атығаевбаяндама жасап, атқарылып жатқан жүйелі жұмыстар бойыншатарқатып айтып берді.  Баяндамашының айтуынша, Ақмола облысында ағымдағы жылдың 5 сәуірінен бастап өрт қауіпті кезең басталды, бүгінгі күні облыста 31 орман және 1 дала өрті, сондай-ақ, 18 шөп өрті орын алған.

– Облыс аумағында былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өрт фактілері біршама өскен. Мәселен, орман өрттерінің өсуі 26 пайызды құраса, тілсіз жауға оранған аумақ  көлемібес есеге ұлғайыпты.  Дала өрттері бұдан да көп. Орман өрттері Зеренді, Аршалы, Ерейментау, Қорғалжын және Целиноград аудандарында тіркеліп отыр, –  деді департамент бастығы. Оның айтуынша, табиғи өрттердің туындау қаупін және олардың салдарын азайту бойынша қабылданып жатқан шараларға қарамастан, бұл бағытта әлі де бар проблемалық мәселелер бар көрінеді. Негізгі проблеманың бірі – табиғатты қорғау және орман шаруашылығы мекемелерінің көпшілігі өрт сөндіру техникасымен және жабдықтармен толық жабдықталмаған.Бүгінгі таңда облыстың орман мекемелерінде өрт сөндіру техникасы, тракторлар, мотоциклдер, мотопомпалар мен радиостанциялар жетіспейді.

– Өрт сөндіру машиналары мемлекеттік орман қорының алаңын негізге ала отырып есептеледі. Яғни, әрбір 20 гектарға бір өрт сөндіру машинасы қажет. Бұл жағдай орман мекемелерінің табиғи өрттерді бастапқы сатысында сөндіруге ден қою жеделдігіне тікелей әсер етеді.Осыған байланысты олардың нақты қажеттілігі орманшылықтардың санына қарай есептелуі керек. Қазіргі жағдайда әр орманшылықта бір өрт сөндіру машинасы болуы керек. Тек осы жағдайда ғана ықтимал өрттерге жедел ден қоюды қамтамасыз етуге болады,– деді ол.

Отырыс барысында аталып өткеніндей, әрбір орманшыға жұмыс істеу және бақылау үшін орман алқаптары белгіленеді екен. Алайда, бір қызметкерге шаққандағы аумақ мөлшері аса көп, өйткені, орман мекемелеріндегі қызметкерлер саны қысқарып қалса керек. Тиісінше, жұмыс қолының аздығынанпайда болған өрттердің алдын алу және оларға жою қиынға соғатыны бар.

Департамент бастығы  2023 жылы 230 техника, 3 өрт-сорғы станциясы, 231 рюкзакты өрт сөндіргіш, 82 мотопомпа және 1130 шапқыш сақадай сай екендігін баяндады.Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау мақсатында 214 адамнан тұратын 56 мобильді топ құрылған.

Ақмола облысында орман қорының аумағы 1 миллион гектардан асады. Өрт қаупі жоғары маусым басталардан бұрын 10 мың гектардан астам алқапта шөпті өсімдіктерді жою жұмыстары жүргізілді. Орман өртін болдырмау мақсатында ұзындығы 12,5 шақырым минералданған жолақтар салу да жоспарланған.

Кеңейтілген отырыста облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Руслан Әубәкіров баяндама жасады. Өрт қаупі кезеңі басталар алдында орман шаруашылығы мекемелерінің осы маусымға дайындығына тексеру жүргізілген. Материалдық-техникалық базасын жарақтандыру үшін 2021 жылы жергілікті бюджет есебінен жалпы сомасы 290 миллион теңгеге 23 техника сатып алынса, 2022 жылы 300 миллион теңгеге 22 техника сатып алынды. Ағымдағы жылы жабдықпен техника сатып алуға бюджеттік өтінімдер тағы жіберіліпті.

Жиын барысында облыс әкімі қажетті жабдықтар сатып алуға қолдау көрсетілетіндігін баса айтты. Сонымен қатар, барлық уәкілетті органдарға минералданған жолақтарды жаңарту, су қорын молайту жұмыстарын қолға алуды тапсырды. Сондай-ақ, өртке қарсы ерікті құрылымдар құру жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет екендігі де атап өтілді. Табиғи апаттардың алдын алу, бір мақсат, бір мүдде жолында аянбай еңбек ету – баршамызға ортақ міндет  деді өңір басшысы.

Кеңес отырысында орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекция басшысы Лашынтай Дүйсенов сөз сөйлеп, атқарылып жатқан ауқымды істерді ортаға салды.

Мәжілісті қорытындылаған облыс әкімі сала басшыларына жазғы уақыттакөзделген қауіпсіздік шараларын жіті назарда ұстауды тапсырып, нақты міндеттер жүктеді.

Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суретті  түсірген Айбек ДАНИЯРОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар